Тіл мәселесі......Қазақ тілін қорғайық!!.

Тіл мәселесі, ұлт мәселесі қоғамда жиі айтылып жүрген проблемалық мәселелердің бірде бір бірегейі. Жеке дара тәуелсіз ел атанғанымызға он сегіз жыл болып қалыпты. Бір қарағанда, аз уақыт емес. Бірақ осыған қарамастан, ұлты қазақ бола тұра әлі де тәуелсіздіктің мән-мағынасын ұғынбайтындар, әлі де қазақ тіліне мұрын шүйіріп қарайтындар кездеседі. Солардың ішінде жастардың – ел келешегінің бар екенін сезгенде көңіл құлазиды. Тек көңілге үміт ұялататыны «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»- деген Елбасының сөзі. Бірақ, осы сөздерді біздің қазақтар естімейтін секілді. Оның қасында өзге ұлт өкілдері қазақ тілі деп Асылы Османдар жан ұшырып жүргенде қазақтардың дәл осылай «аузын ашып, көзін жұмып» отырғанын қалай түсінесіз? Кейбір ұлт жанды азаматтарымыз қазақтың ұсқынын емес жанын қазақ етуге тырысып –ақ жүр. Арқан тартқанда да кісісі көп жақ емес, күші көп жақ жеңетіні секілді биліктің өзі (бірен-сараны болмаса) орысша сөйлеп,орысша іс-қағазын жүргізіп отырса, қара халық қайда барады?! Мемлекетпіз, Ата Заңымыз бар деп жүрміз, ал осы Ата Заңымыз ана тілімізге неге жанашырлық білдіріп, тап төрден тұғырлы бір орынды бермейді? «Заңға бағынып өмір сүрейік», – деп жүрміз. Жөн-ақ дейік. Ал, егер сол заңымыз мемлекеттік тілдің адамын аштырмау жағында болса ше? Мұндай заңға қалайда қолдау білдіре аламыз ба? Әрине,жоқ. Мәселен Ата Заңымызда ұлт аралық қатынас тілі дейтін орыс тілін мемлекеттік тілмен қатар қолданылады деп шегелеп тасталған. Осы тіркес алынып тасталуы керек. Мемлекеттік тілдің қасына әлдебір тілді әкеліп қосақтап қойғанымыз жарамайды. Мемлекеттік тілдің өз биігінде тұрғаны – қазаққа абырой болды. Әлі күнге орыс тілімен қатарласып, кейде қалыс қалып келеді. КСРО құрамында болғанда «орыс саясаты» дедік. Ал қазір ше? Қазақстанда сонда қазір қандай саясат? Қазақ тілін бір тұғырға көтере алмай жүргенде «үш тұғырлы тіл» саясатын жүргізгеніміз қалай? Онда да мемлекеттік, үкіметтік қызметке тұратындарға 1-ден қазақша ойлап, қазақша сөйлеуі тиіс. Жүрегінде патриоттық сезімі болуы керек деген талап қойылса қазақ елінің қазақша жандануына септігі тиер еді, Әрине тілді айтсам да, ұлтты айтсам да бір қазақтың мүддесі ғой. Бұған да шүкір дейік, биылғы жалпы ұлттық санақ бойынша қазақтың саны 16 млн.400 жалпы ел халқының 67 пайызын құрады. Жаман емес көрсеткіш. Құдай қаласа 100 пайызға да жетерміз. Тек 100 пайыз шала қазақ болудан сақтасын құдайым. Сонғы кезде басшылықтан да, БАҚ-тан да «қазақстандық» деген сөзді жиі естіп жүрміз. Осы сөздің тереңіне ой салып, зерделеп көріңізші. Демократиялық қоғамда – тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан халқының 67 пайызы қазақтар екенін санақ көрсетті, енді неге мазақ емес, қазақ болып жүрмеске? Біздің көп ұлттық елімізде елдегі өзге ұлт пен ұлыстарды «қазақстандықтар» деп бауырсақсығанымызбен олар төлқұжаттарына «қазақстандық» деп жаздырмайды ғой. Неміс болып тудым неміс болып өлемін, орыс болып тудым орыс болып өлемін деп қарап тұрады ғой. Мен неміспін, бірақ, қазақ болып өлемін деп жатырған біреу бар ма?
Мен ҚАЗАҚПЫН! 30.08.2015 жариялады

1 пікір

Өзге ұлт өкілдері былай тұрсын, Алматы қаласында мен тұратын үйдің алдында қазақ балдары ойнап жүреді. 4-5 бала да қазақ баласы, бірақ орыс тілінде сөйлеп ойнап жүргенін көріп қынжыласаң.

4 қазақ 1 орыс тұрса, барлығымыз қиналсақ та орысша сөйлейтін қазақпыз ғой. :(
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,092 қолданушы