Поэзия 2.09.2015 жариялады
Алло...алло... Күн сайын жасырын нөмірмен қоңырау шалуды доғарыңыз өтінем, Онсызда аз емес қой Сіз сыйлаған мұң-қайғы. Мен енді Сізді мәңгілікке ұмытуға бекінгем, Мендік жүрек қаламасада мұндайды. Ұмытамын, Сізді ессіз ұнатқан сәттерімді. Сізде ұмытыңыз, Бетіңізден сүйген тәтті ерінді. Тырысамын, Сізді тіпті сыртыңыздан көрмеуге. Сізде тырысыңыз, Мен жүретін жерлерде жүрмеуге. Жыламаймын, Көзден жас төгіп құр текке. Сізде жыламаңыз, Жылаған жараспайды еркекке. Ойламаймын, Маған енді бөтенсіз. Сізде ойламаңыз, Бәрі бекер қайтесіз... Сезіміміз сөнген, Сөндірген өзіңіз. Мен сүйгем, Сүймегенде өзіңіз. Жасалған қателік Түзелмейд(і) біліңіз. Амалсыз көніңіз. Көнсеңіз мейлің,көнбесеңіз де мейлің, Мен енді телефонды көтермеймін. Қоңырау шалмаңыз!

1 пікір

Бұл өлең секілді және оның авторы кім?
117,647 сұрақ
302,152 жауап
153,341 пікір
64,866 қолданушы