Спорт 27.08.2015 жариялады

Максимович Сербия жастар құрамасы

Жазда дәл осы Максимович Сербия жастар құрамасы сапында шешуші гол соғып, әлем чемпионы атанды. Өз елін қуанышқа бөледі. Сонда "Астана" ПКСК Қамқорлық кеңесінің басшысы Дархан Қалетев "кезінде журналистер Саян Хамитжановты біраз сынады, ал енді айтыңдаршы, Саян футболдан бірдеңе түсіне ме?" деген еді. Әрі "енді Максимовичтің бағасы өседі, оны қымбатқа сатуға болады" деген де.
Бірақ қандай ұсыныс түссе де, Хамитжанов бүкіл Еуропа қызыққан жас талантын ("жас перісін") сатқан жоқ. Міне, сол Неманья тағы бір тарихи гол соғып, "Астананы" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне алып шықты.

Таласым жоқ, бәрін жасап, "шайнап" берген - Бауыржан Жолшиев. Бірақ Неманья аяғы "алтын" футболшы секілді. Көзім тимесін, "бағы – бес елі" дейінші. Ол осындай маңызды матчтарда тарихи гол соғуға жаралған жан секілді.

Кім біледі, бәлкім, болашақтағы әлемнің ең үздік ойыншысы, яғни "болашақ Месси" қазақ футболында доп теуіп жүрген шығар. Бұл дегеніңіз – қазақ футболына таптырмас жарнама!

Рахмет, Саян Хамитжанов. Осындай жолы болғыш талантты футболшыны тауып алғаныңызға мыңда бір рахмет!

Нұрғазы Сасаев

117,050 сұрақ
298,365 жауап
153,118 пікір
63,354 қолданушы