Сұрақ-Жауап сайты қорғалған https протоколды қолдайды

Сұрақ-Жауап сайты қорғалған https протоколды қолдайды

Google айтады, ал біз орындаймыз!

Соңғы кезде SEO мамандар жаппай талқылап жүрген қызықты тақырыбы:
- Сайтты қорғалған протоколға көшіреміз ба, әлде көшірмейміз ба?
- Іздеу сайттарында ақпарат іздеген қолданушыға Google-да қорғалған сайттың орны алдыңғы қатарда шығады ма, жоқ па?
- Қорғалған сайттың индексациясы қалай болады?- секілді т.б. сұрақтар төңірегінде даулы дискуссиялар толып жатыр.

Ерте ма кеш па көпшілік сайттардың барлығы осы қорғалған https протоколына өтетіні анық. Мен де қарап отырмай алғашқы болып осы қорғалған протоколды іс-жүзінде тексеріп көруге ниет еттім. Экспериментті қорықпай Сұрақ-Жауап сайтында жүзеге асырмамын. Сайттың мекен-жай қатарында жап-жасыл сілтемені көрсеңіз ол - Сұрақ-Жауап сайты. Смайлик «smile»

Әзірге сайтқа кірген қолданушыларды 301 редирект арқылы https -ке жіберіп жатқан жоқпыз, бірақ алдағы күндері солай қолданушыларды автометты жіберемін. Тек Яндекспен жағдайды нақты анықтап алып, реттеген соң солай жасаймын.

1-2 ай тексеру жүргізіледі. Қандай нәтиже болғанын алдағы уақыттарда жаза жатармын. Не дейміз... Енді Сұрақ-Жауап сайтында сіздердің персоналды ақпараттарыңыз енді екі есе қорғалған. Сондықтан енді сайтымызға жиі-жиі бас сұғып тұрсаңыздар. Сіздер үшін ерінбей еңбек етіп, сіздер үшін жағдай жасай беруге уәде береміз.

Өз сұрағыңды қой!

Сұрақ-Жауап сайты 27.08.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы