Досыңыз, туысыңыз, бауырыңыз, сүйіктіңіз

Досыңыз, туысыңыз, бауырыңыз, сүйіктіңіз 

  • "Досым неге көмектеспейді, қиналғанымды көріп жүр ғой?"
  • "Ол неге мені түсінбейді?"
  • "Анау мені неге іздемейді, керек кезде ғана хабарласады"
  • "Мен оны үнемі жақтаймын, құрбым неге мені қолдамайды?"
  • "Мен оған барымды тосам, ол маған қарыз бере алмады".

Осылай əркімге бір бұрқылдап, "енді ешкімге көмектеспеспін, маған ісі түссе ғана керекпін осы," деп кейисіз бе? Досым деп жүрген адамыңыз арадағы тиын-тебенді есептегенде, көңіліңіз түсе бере ме? Жақыныңыздың сізді іздегенін, хабарласқанын, келгенін, сыйлық бергенін, тағысын тағы көп нəрсе күтесіз, бірақ, ол болмай қалып жата ма?

Проблема өзіңізде!

Досыңыз, туысыңыз, бауырыңыз, сүйіктіңіз, көңілдесіңіз, көршіңіз, əріптесіңізден, ешкімнен ешқашан ештеңе күтпеңіз!
1. Сіздің ойыңызды тірі пенде оқи алмайды. Іштей күтіп жүрген əрекетті сол адамға айтыңыз. Ол қайтсе сізге жақсы болатынын түсіндіріңіз. "Ол бүйтпеді" деп ренжігеннен гөрі одан не күтетініңізді айтқан орынды.
2. Бұл өмірде ешкім ешкімге ештеңе істеуге міндетті емес. О дүниеде жалғыз сұралатыныңызды естен шығармай, бар ісіңіздің жауапкершілігін өзіңіз ғана арқалаңыз.
3. Əркім "өз қотырын өзі қасысын", сіздің тіршілігіңіз сізге ғана керек. Неге сізге біреу көмек беру керек, өзіңіз əлі дені сау, тірі жансыз ғой?
4. Ешкімнен күтпеген көмек, жақсылықтар "тосынсый" болып, аз-маз қуаныш сыйлайды.
5. Ешкімге өкпелемей, ренжімей, жеңіл өмір сүресіз. Жүрегіңізде ауыр жүк болмайды. Дос жоғалтпайсыз.

Ақ парақтағы ойлар 25.08.2015 жариялады
116,025 сұрақ
294,324 жауап
152,839 пікір
60,310 қолданушы