Ғылым 24.08.2015 жариялады

«Тақтар ойыны» сериалындағы Кхал Дрого бірде фонетикасы мен интонациясы дотракийлықтардың ауыр тағдыры мен айбынды рухын көрсететін жасанды дотракий тілі туралы айтып еді.

Мадисондағы Висконсин университетінің зерттеушілері қоршаған ортамен табысып, адамдармен қарым-қатынасқа түсу үшін (тілге тәуелсіз) әмбебап кодтар пайдалануға болатынын дәлелдеді. Мысалы, «жоғары» деген мағынаны түсіндіру үшін адамдар дыбыстарды, я сөзді биік дыбыспен және қатты айтса, «аласа» мәнін жеткізуге ақырын әрі төмен дауыспен сипаттайды екен. 
Зерттеушілер тәжірибеге қатысқан 18 студенттің 9-ына шектеулі уақыт аралығында «жақсы», «жаман», «жоғары», «төмен», «үлкен», «кішкентай», «жылдам», «баяу», «жақын», «алыс», «көп», «аз», «ұзын», «қысқа», «кедір-бұдыр», «тегіс», «мамық», «тартымды», «жиеркенішті» сөздеріне сипаттама беретін жасанды сөздер ойлап тауып, екінші топқа түсіндіру тапсырылған. 
Сонан соң зерттеушілер жасырын айтқан қатар бойынша бірінші топ ойлап табылған жаңа сөздерді сипаттау керек, сәйкесінше, сөзден хабары жоқ екінші топ сөздің мағынасын сипаттау қажет. Сөз мағынасын қандай екенін табу үшін 10 секунд беріледі, әрі, ережеге сәйкес, жасырушыларға ым мен ишарат қолдануға болмайды. Тек жасырылған сөзді дыбыстауда интонацияны өзгерту немесе вокализацияға рұқсат берілген. 
Қорытындыға сәйкес, 82,2 жағдайда студенттер сөзді жаңылмай тапқан. Жасырған сөздер әрқайсында әр түрлі болғанына қарамастан, барлығына ортақ белгілі бір дыбыстық сипаттау (код) болған. Мысалы, «жылдам» сөзінің баламасын ұсынғанда сөзді қысқа, жұтылатын, «баяу» сөзіне сәйкестерді ақырын, әрі созылыңқы дыбыстармен түсіндірген. «Кедір-бұдыр» мағынасын түсіндіргенде тұрақсыз, бірде көтеріңкі, бірде төмен ырғақпен айтса, «тегіс» мәнінде жұмсақ, үйлесімді дыбыстар қолданған. Бағытталған объект пен дыбыс ырғағының осындай байланыс иконика (еж. гр. eikon – «бейне», «көшірме») деп аталады. Зерттеу мынадай бес критерий бойынша жүргізілді: сөздердің созылу ұзақтығы, дыбыс жылдамдығы, дыбыс жоғарылығы, дыбыстар мен шудың үйлесімділігі және өзгеруі. 

Мағынаны сипаттау үшін ойлап табылған сөздердің ортақ шамамен дыбыстық өзгеруі. Сызбада көрсетілген таңбалар: сөздің дыбысталу ұзақтығы (D), шу мен дыбыс үйлесімділігі (H), дыбыс жылдамдығы (I), дыбыс жоғарылығы (P), дыбыс деңгейінің өзгеруі (C).

117,722 сұрақ
302,762 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы