Поэзия 18.08.2015 жариялады

Жаным!
Қал-жағдайың қалай? Ауру адамның жағдайы қалай? Түзеліп келе ме? Жасаған емің қонып, жазылып кетсін. Еңбегің еш болмастан ем алған аурулар сауығып алғысын білдіре берсін.

Жаным, жасаған жақсылық еш уақыт үнсіз кетпейді екен. Ол әйтеуір бір айналып келіп бақыт түрінде қонады екен. Ол бақыт еш нәрсемен өлшенбейді екен. Ол бақыт көп те аз да болмайды екен. Ол бақыт көзге көрінбейді екен. Ол бақыт байлық болып келмейді екен. Ол бақыт ұзақ та қысқа болмайды екен. Ол бақыт терең де таяз болмайды екен. Ол бақыттың бұл әлемде өлшемі болмайды екен. Ол бақыттың бұл әлемде теңі болмас екен. Ол бақыттын орны ерекше екен. Оны ешкім де ұстап тұрмайды екен. Оны ешкім де таразыға өлшеп бермейді екен. Оны ешкім де мойынға асып, не кеудеге тағып бермейді екен. Ол бақыт ұлы сезімдердің ұлы көшіндей болып байқаусыз кеп терезеден қағып, күлімсірейді екен. Ол бақыт үнсіз келіп есігіңді қағып, жылы ұшырайды екен. Жаным міне, бұл бақытты сені сезінді деп ойлаймын. Міне, осы бақыт сен болып менің өміріме еніп жатыр. Сен болып ой-санамды жаулап жатыр. Сен болып  жүрегіме ұялауда. Сен болып тула бойымды орап жатыр. Міне, бакыт деген осы күйлердің еш үзілмес тізбесі екен.

Жаным, бақыт болып терезеден келіп күліп қараған мен едім. Бақыт болып есігіңді алсіз ғана тықылдатып оятқан мен едім. Бақыт болып жүрегіңе от салып маздатып келген мен едім. Санана еніп баурап алған мен едім. Денене еніп жалынға бөлеген мен едім. Сезіміне еніп әсем әндей тербеген мен едім. Жаным мен де Саттардай романтиканы сүйем. Әркім де арқалай романтик болады. Саттар да мәңгілік өмір жайлы баллада жазды, біздің өмір көркемнен де көркем ғой деп пуцлицистика қалдырған. Ол "Әсем күлкің әуеде тұр қалықтап",-деп баллада жазды. Новелла жазды өмір жайлы махаббат жайлы. Бірақ менің романтикам өзінше. Менің стилім өзінше бір бөлек дүние. Оны мүмкін байқарсың. Менің журналистикадан бөлек публицистикада өзіндік қолтаңбам бар. Оны әр қашан дамытуым керек. Оны тоқтатпауым керек. Студенттік практика кезі. Әлі есімде Алматыға 1993 ж. Третьяков галлереясы келді. Сол оқиғадан мақала жаздым. Арнайы Қастеев атындағы өнер көрмесіндегі сол көрмеге барып, бір апта бойы таныстым. Сосын дүниеге "Таңғажайып Третьяков галлереясы" деген мақалам келді. Ол "Халық кеңесі" деген үкіметтік газетте басылды. Есте қалған ерекше оқығаның бірі - студент кезімізде Мұқағали Мақатаевтың пьесасы қойылды Әуезов театрында. "Маңгілік махаббат жыры" атты. Осыдан кейін менің осы аттас рецензиям жарық көрді. Ол да бір әдемі жазылған дүние еді. Сол дүниелерде адамның әсемдік әлеміне, махаббат әлеміне ұмтылысы бақыт жолындағы сапары екен-ау.   

Жаным әзірге жақсы. Сау бол.

117,819 сұрақ
303,549 жауап
153,361 пікір
65,444 қолданушы