Сағыныш күзі...

...Жаз өтті, күз келді.  Алтынкүз, сарыкүз, қоңыр күз... Әркім әрқалай теңеу айтады. Өйткені әркімге күз өзінше қымбат, өзінше жат. Кең даламды күңіреткен де, санамда сап-сары сағынышқа айналған, көңілімді қоп-қоңыр қайғыға жамылтқан күз. Сап-сары болып, жүрегімді орны толмас қайғы мен мұңға толтырған осы мезгіл әр жыл сайын көңілімде, жүрегімде тұнып тұрған қайғымды еске салады. Өмірдегі ең асыл да, қымбат адамдарым осы мезгілде бұл фаниден өтіп еді. Ардақты әкешім мен аяулы анашым да осы сап-сары, алтын күзде бізді қимай-қимай кете берген еді. Олардың артында алтын күз қоп қоңыр қоңырқай түске еніп, мына табиғат сол жандарды үнемі қимайтындай күйге еніп тұрады енді. Ол келгенде бар көңілім құлазып, аяулы адамдарымнан айырылған мезгіл есіме түсіп қиналамын... Қайғырсам да, осы мезгіл сол адамдардай алтын да сап-сары күз жапырақтарындай сағынышқа айналып мәңгілікке жүрегімде сақталып қалғандай. Менің жанымдай жақсы көретін адамдарымнан айырылсам да, осы мезгіл маған сап- сары алтындай болған сағынышқа айналып қала бермек.

Күн артынан күн жылжып өтіп жатыр. Әрбірінің бізге қандай қымбат екенін біле алмай, белгісіз күйде өтуде. Өткен күндер елесі түс секілді сағымдарға айналып қала береді... Сағыныш толы сағымға...Ол сағымды қанша қусаң да жете алмайтынымды білсем де,өткен күннің елесі сол жете алмайтын сағымдай қымбат екенін аңғарамын.Сағыныштың мәңгі алтын әріппен жазылған бейнесінлей менің жүрегімде әрқашан да сақталып қалмақ..Алтын күз менімен бірге күңіреніп мына табиғат менімен бірге менің үнімді сезініп сағынышқа айналып кеткен секілді.Міне, алтын күз сен маған сондықтан да қымбатсың..

Поэзия 18.08.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы