Ақ парақтағы ойлар 17.08.2015 жариялады

сағыныш, сағыну

Кей түндерде көңілім сені іздейді...

Жанымды қоярға жер таппай, аласұрам. Мұндай кездерде теледидарға да, вк, инста, фб-қа да, ұйқыға да алдана алмаймын. Қарным аш сияқты сезіледі. Бірақ, олай емес. Жұтып тұрған ауамның өзі жетпей тұрғандай... Адам баласымен тілдескім жоқ. Далада жаңбыр ма, қар ма, боран ба шаруам жоқ.

Көкірегімнің арғы жағында біреу тоқылдатып, бірдеңе сұрап тұрғандай. Ары жүрем, бері жүрем көңілім тыншыр емес... Көзіме қағаз бен қалам көрінді... Үнсіздік... Қаламның биі ғана көрінеді.

Маржан Абишева

1 пікір

Неткен, керемет. Айтатын болсам дәл қазір мен де осындай сәттемін.
117,378 сұрақ
300,580 жауап
153,171 пікір
64,132 қолданушы