100 факт оқып пікір қалдырыңыздар

1. жасым 18-22жас аралығында)

2. көктемді жақсы көрем

3. 8 наурызда дүниеге келіп мамама подарка болғам)

4. көөөп сөйлеймін

5. мақсатым ата-анамның мақтанышы болу

6. қазір Алматыда оқимын

7. бмв-ны қатты жақсы көрем

8. рок тыңдаймын

9. ешкімнің көзіне тура қарай алмаймын, кей-кездері болмаса

10. иттерді жақсы көремін

11. мысықтарды онша ұнатпаймын

12. қоян немесе мысыққа ұқсайсың дейді көбісі

13. көжек дейтін бір досым)

14. перфекционисткамын (қазақшасын білмейді екем)

15. Қазақстанның мына қалаларында болып көрдім: Астана,Алматы,Ақтөбе,Көкшетау,Бурабай,Қарағанды,Теміртау

16. қызықты фактылар мен идеялар дегенді көп оқимын

17. вк мен ватсапта бармын

18. СЖ-ны жақсы көрем

19. үйде ер бала жоқ

20. ер баланың жұмысында істей беремін

21. бірақ түріме қарап ештене істемитін қыз сияқтысың дейді)

22. суретке көп түспеймін

23. белгілі бір жағдайға байланысты ғана

24. өз жасымнан кішкентай көрінемін

25. еркелегенді жақсы көрем

26. қолымнан тоқыма тоқу,іс тігу келеді

27. адамдармен тез тіл табыса аламын

28. әкемді қатты сыйлаймын

29. ежелгі құпияларға қатты қызығамын

30. киноны соңына дейін көруге шыдамаймын көбіне

31. группамның старостасымын

32. бәрі пысық қызсың дейді

33. мамамнан басқа)

34. бетке айтатын мінезім жоқ(((

35. автобустардыұнатпаймын

36. құрал-саймандармен жұмыс істеу білемін)

37. үйдегілердің сұрақ қойып басын қатыратын №1 адам)

38. үйдегі 3 баламын

39. слух жоқ)

40. адамның психологиясына қатты қызығамын

41. киноман емеспін

42. еріншектігім бар

43. қазір қалада тұратыным болмаса ауылда өскен қызбын

44. сиыр сауып от жаққам)

45. үйде жеке глобусым мен микроскобым бар)

46. енді телескоп алу арманым

47. биік өкшемен онша жүре алмаймын)

48. әр жерден қызықты нәрселерді оқып аламын

49. сосын үйдегілермен шай басында жаңалық айтамыз

50. сурет салғанды ұнатамын

51. адамның суретін сала алмаймын бірақ

52. симс ойынын жақсы көрем

53. СЖ-да белсенді жауап бермесемде кіріп оқимын

54. тап қазір интернетім қосылмай ашуыма тиіп отыр

55. ренжісем тез ұмытып кетемін

56. сериалдарға қызықпаймын

57. компьютерде көп отырам

58. қиялшылмын

59. кек сақтамайм

60. көзім алыстан көрмейді (-3)

61. бұрын оқушы ем қазір көп кітап оқымайм

62. қатты ұнатқан кітабым Как закаляляась сталь

63. қатты ұнатқан кином 1+1

64. в центре внимания болғанды жақсы көрем

65. ақыл айтқанды жақсы көрем

66. адамға тез бауыр басып қалам

67. тамақты көп жеймін))

68. қағаздармен жұмыс жасағанды жақсы көрем

69. мультиктерді ұнатам))

70. оптимисткамын

71. арманым ата-анамы Меккеге апару

72. шөмекеймін)

73. мандарин мен қауынды жақсы көремін

74. тоғызқұмалақ пен шахмат ойнау білемін

75. жүзу білмеймін

76. СЖ-ға 2011 жылы тіркелгенмін

77. шашым қоңыр, ешқашан бояу көрмеген)

78. көзім қоңыр қара

79. сол жақ бетімде ұсақ байқалмайтын меңдер көп

80. шашым қысқа да ұзын да емес орташа

81. кіші жүздің қызымын

82. суши ұнайды

83. қарапайыммын

84. бірақ сыртымнан көргендер өзінше деп ойлайды

85. орнына ортасына байланысты сабырлы боп қалам

86. немесе қуам)

87. СЖ-да ешкімді танымаймын

88. полковниктің қызымын

89. орыс,ағылшыншадан басқа аздап немісше білемін

90. поляк тілін аздап үйреніп жатырмын

91. қателік жасасам көбіне окінбеймін

92. боянбаймын мүлдем

93. боянуға қызықпаймын да

94. бойым 162 см

95. салмағым 48 кг

96. параметрлерім 85-62-88

97. 90-60-90-ға жетіп қалдық)))

98. тұйық емеспін

99. кім менімен қалай араласса оған солай жауап беремін

100. осыны оқып отырған адамға бақыт тілеймін
Мен туралы 100 факт 17.08.2015 жариялады

6 пікір

Параметрдің соңғы жағындағы 97 деген не сан?
97 пункт қой қосылып кеткен, енді дұрыстап қойдым
сонда жасың нешеде?
18-22 жас аралығы ғой)
Полковниктің қызымын дегенді 1-ші пунктқа жазып қойсай)
тұра берсін)
116,035 сұрақ
294,370 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы