Ақ парақтағы ойлар 16.08.2015 жариялады
(төменде жазылған оқиға еш бұрмалаусыз жас жігіттің өмірінен алынып жазылған)

Менің жазығым не? Кімнің қарғысына ұшырадым? Кімге қастық қылып қойып ем? Түсінбеймін...

Мен өмірге келе салысымен әкеммен анам ажырасты...  Әкем басқаға үйленді. Алғашында күн көруіміз өте қиын болды. Мені асырау үшін анам қандай жұмыс істемеді десеңізші. Кейде мені құшақтап отырып жылайтын...Соны көріп қатты қиналатынмын. Әкемнің бар екенінде білмедім. Кейін тұрмысыз жақсарды, анам басқа жанға тұрмысқа шықты. Анам әкем туралы бәрін айтып берді, менен үлкен бір әпкем бар екен. Әкемнің отбасына барғанда оның екінші әйелінен қарындасымның бар екенін білдім. Өмірім өзгеріп сала берді. Бұрын сабағымды 5-ке оқүшы едім, үлгерімім нашарлап кетті. Анам жұмыста болғанда үйді жинап, ыдыс жуып қоюшы ем кейіннен көше кезетін болдым. Көшедегі балаларға еріп талай рет полиция бөлімшесіне барып анамды зар жылаттым... Анамның жиі жүрегі ауырып қалатын болды....Мектебімнен шығарып жіберген соң басқа мектепте ауысуыма тура келді, ол мектептенде бұзақылығым үшін шығарып жіберді. Содан соң әкем тұратын қалаға, әкемнің қолына келіп тұрдым. Күн көре алмай жылап жүргенімізде іздемеген әкем енді несіне іздей қалды деп қатты ызаландым. Әкем өте беделді,жақсы жерде жұмыс жасайтын, бірақ бір тиын артық сұрап жұмсамаппын. Анамды тастап кеткені үшін әлі күнге дейін кешіре алмай келемін. Өзім жұмыс жасап азын-аулақ ақшамды жұмсаушы ем. Барлық құрбы-құрдастарым мені бір рахаттанып жүрген байдың баласы деп ойлаушы еді. Ішпегенің алдыңда ішкенің артыңда деуші еді. Олар қатты қателесетін бірақ мен ол жайында сөз қозғамайтынмын. Қыздармен көп жүрдім, бәрінің білгісі келетіні қай әйелінен туғансың дейді.. Қыздарымның бәрімен 1-2 жетіден артық жүрмеппін. Бір күні менен 1 сынып жоғары оқыған қыз бар еді соған көзім түсті. Өте жақсы, сабағын үздік оқитын қыз еді. Ол қызды да қараттым. Жүргеннен бастап-ақ ес-түссіз ғашық болдым. Адам өмірінде 1-ақ рет ғашық болады деген рас шығар бәлкім...  Басқа қыздардан ерекше болатын. Бақытымды тауып, өмірімнің ақжолағы басталған шығар деп едім...Ол қыздың ата-анасы жүретінімізді естіп қарсы болды. Не себеп дейсіздер ғой, менің отбасымның ажырасу үйлену дегендері.. иәә өмір мені тағы аяқтан шалды. Ол қыз енді жүре алмаймыз ренжімеші деп басқа қалаға оқуға түсіп кетті. (Туғанымда әкем бас тастап кетіп еді, кейін анамда іздемейтін болды, әпкеме де керек емес екем. Енді сүйген қызым да тастап кетті. Ешкімге керек емес екенімді сол кезде ұқтым.) Содан мен мектепте соңғы жылымды бірдене қылып өткізудің амалын іздеп әр нәрсеге бір ұрынып жаман атағым шығып болды. Мектепке келсем үздіктер тақтасында сол қыздың суреті...жүлдегерлер тақтасында сол қыздың сүреті..мектеп мақтанышында да сол қыздың суреті.. көрген сайын жүрегім жыласа да өтірік күлдім...Үйдегілерде ол қызды білетін, келін қылып сол қызды әкел деуші еді. Сойтіп жүріп мектепті де бітірдік. ҰБТ-ға дайындалып жүрдім, ол қызбен қайта сөйлесе басадық, бәрі жайына қалды.  Баяғы көз-қарас, баяғы сезім... ол да мені ұмыта алмапты.. бірақ тағдыр қоспады ма, екеумізге бәрі кедергі бола берді.  ҰБТ-дан құлап қалдым. Оқуға келесі жылы кешенді тапсырып түсемін деп қалып қойдым. Бәрі анда түстім мында түстім деп қуанып жатқанда мен жұмысқа барып жүрдім. Ол қыз 1 курсын бітіріп каникулға келді. Сөйтіп бір кездескенімізде қыздығын алып қойдым... Ол енді тек менікі деп ойладым. Екеуміз түбі бірге боламыз, бәрібір қосыламыз деп шештік. Бірақ мінезімнің ауырлығының кесірінен екеуміз көп ұрысатынбыз, ол қыздың жүрегі ауыратын, көтере алмай қалатын, ақыры жүрмей тындық. Бірақ күнде сөйлесіп тұрамыз, әлі бір-бірімізді сүйеміз... Ол оқитын қалаға оқуға түсу арман еді, арман болып қалды. Тезірек қасына бармасам сол сұлу қыздан айрылып қалам ба деп қорқамын. Көзі мен сөзі түсушілер көп..Ата-анасы да өз таныстарының баласымен таныстырмақ ойы бар. Сөйтіп жүргенде ауыратынымды білдім..Жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы ауру екен...

өмір мені соңына дейін қинамақ ойы бар сияқты шамасы..Қазір ол қыз екеуміз екі жақтамыз бірақ әлі бір-бірімізді сүйеміз.. Бірақ мына өмір бізді қоспайды ма деп қорқам...Қазір ойлап қарасам  ең бақытты күндерім  сол қыздың жанында болыпты..Ол барда басқа проблемалар жоқ еді...Не де болса сол қызға қол жеткіземін деп шештім.. қазір ойлап қарасам 18 жыл өмірімде біреудің бір ғұмырында көрмейтін қиыншылығын басымнан өткізіппін..арасындағы пышақталып бір өлімнен қалғанымды жазбаппын, иә ондайлар да болған. Әкеммен сөйлескендегі ащы сөздер де қалып қойыпты... жүрегім ауырады бәрін есіме түсірсем.. тағдырыма өкпем жоқ, маңдайыма жазғаны осы шығар. Бірақ сонша қинайтындай кімге не істеп қойғанымды түсіне алар емеспін. Алдымда әлі не күтіп тұрғанын кім білсін...
117,819 сұрақ
303,549 жауап
153,361 пікір
65,444 қолданушы