Ақ парақтағы ойлар 13.08.2015 жариялады

банк

Соңғы кезде қарызға ақша сұрайтын туыстарым көбейді. Бермесең, сенде жоқ деген қызық екен, банкте істейсің ғой дейді. Түсіндіруге тура келеді. Иә, банкте істеймін. Бірақ, ел сияқты кесімді жалақы ғана аламын. Тура сіз сияқты адаммын. Банкте ақша жасап шығармайды.

Той-томалаққа көп бармаймын. Бауырларым қалмайды. Туыстар соларға айтады екен әлгі Ербол банкте істеп, қалтасы қалыңдағалы, байығалы араласуды қойды. Мұндай жерге де келмейді дейді екен. Олардың көзқарасында банкте істесе болды автоматты түрде қалтасы қалың адамсың. Әйтпесе қалтам қалыңдап кеткен түгім жоқ. Бәрі баяғыша. Мұны айтып отырғаным біздегі ақпарат дегенді жалпылама қабылдап, сіңіріп, онымен қоймай тарататынымыз. Қызығы әлгі туыстың бірде бірі қанша жалақы алтынымды, немен айналысатынымды, шынымен қалтам қалыңдады ма, жоқ одан азайды ма, білмейді. Сирек көремін көбін. Бірақ, бәрінде жаңағыдай ортақ ақпарат, көзқарас қалыптасқан. Ода бар, бірақ бермейді, қалтасы қалыңдап, туыстарды менсінбейтінді шығарды. Шын мәнінде мүлдем басқа. Жұмыс осы болған соң ақпараттық ортаны шолып, салыстырып, зерттеп отырасың. Байқасам, мұндай тек бір әулетте ғана емес, жалпы қоғамға ортақ түсінік екен. Қоғамдағы болып жатқан әрбір оқиғада сондайды байқайсың. Біржақты түсінік қалыптасып қалса, сонымен кетеді.

Мысалы: кеше бір кісі Есімовтың әкім ретінде істеген біраз нәрселерін жіпке тізіп айтып берді. Мен оны бұған дейін білмегем. Ол ақпарат жетпеген, не қабылдамағанбыз. Жалпы жаман әкім болмаған сияқты. Лай су таза суға қосылғанда тек лай болатыны, оны ішсек ішімізге тек лай баратыны сияқты қоғамдағы болып жатқан оқиғалардың тек лайларын ғана қабылдап жатырмыз. Тазасы лаймен кетіп жатыр. Оны ағын ақ, қарасын қара қылып бөлетін ақпараттық фильтр әзірге жоқ. Өкінішке қарай БАҚ оны реттей алмай отыр.

Жалпы БАҚ-ның пайда болуының бір себебі де құлақтан-құлаққа, ауыздан-ауызғаны азайтып, ақты ақ, қараны қара деп тарату ғой. Бірақ әлеуметтік желі пайда болғалы бұл қиындады. БАҚ бола тұра ақпарат тарату, қабылдауда дәл қазір біз ұзынқұлақтың заманына қайта оралдық. Ол кезде түсінікті, БАҚ жоқ. Ақпарат аз. Енді БАҚ та, ақпарат та көп. Бірақ тарату мен қабылдауда үлкен мәселелер бар. Не істеу керек?

Ербол Азанбек

117,327 сұрақ
300,258 жауап
153,150 пікір
64,002 қолданушы