IQ жоғары Николь

IQ жоғары Николь

12 жасар Эссекс елді-мекенінің тұрғыны, британдық Николь Барр IQ тестінен 162 баллдық керемет көрсеткіш көрсетіп, ғаламшарымыздағы 1%-ды құрайтын ақылды адамдар қатарына қосылды. Интеллект коэффициентінің шамасы Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Эйнштейнды 2 баллға басып озып, заманауи физиканың кірпішін қалаушы Стивен Хокингты да артта қалдырды.

Анасы Долли Баклендтың айтуы бойынша дарынды баланың мұндай жетістікке жету жолында айтарлықтай ерекшелік жоқ. «Ол кішкентайынан журнал, кітаптардан қате табуға құмар болатын және мектепке әрқашанда сабақтан кейін қосымша сабаққа қалып, мұғалімдерден үнемі қосымша тапсырма сұрауға жалықпайтын. Уақытың осындай пайдалы істермен айналысып өткізу оған бақыт әкеледі,» -дейді.
Педогагтары «Бұл оқушымыздың жалғыз жетістігі емес, мектепке келген алғашқы жылы ол туризммен айналысып, шығармалар байқауына қатысып, ұлттық математика жарысына барды,»-деп пікірін білдірді. Қазірдің өзінде мектеп театрында ойнап, вокал сабақтарын алып, өзін әр қырынан ашуға тырысып бағуда.
Жалпы IQ тесті жас мөлшеріне байлынысты құрастырылып, нәтижесінде жасына сәйкес даму көрсеткішін анықтайтының білеміз. Орташа балл 100-ге (адамдардың 50%-ы) тең болса, 140 баллдан жоғары данышпан, 70 баллдан төмен көп жағдайда ақыл -есі кем деп саналады екен. Бүгінге дейін рекордты көрсеткіш америкалық жазушы, драматург, журналист Мэрилин вос Савантқа тиесілі. Академик Рональд К. Хефлинмен құрастырылған IQ тестынан ол 186 баллды жинаған. Коэффициенттің жоғары болуына не әсер етеді екен деген сұрақ әрқайсымызды мазалайтыны рас. Тәжірбиеге сүйенсек, бізге IQ-ға әсерін тигізетін үш аспектіні анықтап береді. Ол: генетика, өмір сүру жағдайы немесе даму ортасы десек те болады және коэффициентті анықтау кезінде орын алатын қателіктер шамасы. Әзірше, ақылды баланың шежіресі туралы дерек жоқ, алайда Барр әулеті қарапайым отбасы. Әкесі Джеймс Барр- жол жұмысшысы. Жаңалыққа таңырқай қарағаның жеткізіп, «Адам білімінің тапқа, отбасылық жағдайға қарамайтының дәлелі болды,»-деп ойымен бөлісті. Қазірде Николь жоғары IQ-ға ие адамдарды біріктіретін Mensa International атты бейкоммерциялық ұйымның мүшесі болып қабылданды.

Мұндай ерекше дарындылардың өмір жолы халық арасында IQ -жоғары көрсеткіш болғанымен, жетістікке толы болашаққа апарар анық жол емес деген пікір қалыптастырды. Себебі кейбіріне мұндай ерекшелік өзімен бірге тұйықтық, қоғаммен араласа алмау секілді қиындықтарды алып келетіні кездесіп жатады. Алайда, Никольдың алдағы жоспарының өзі салмақты, колледжді уақытынан бұрын бітіріп, медицина саласын меңгеріп, қоғамға өз үлесін қосқысы келеді.

Ғылым 10.08.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы