Ыстықтан сақтану әдістері.

Жаздың аптап ыстық күндерінде адам өзіне абай болғаны дұрыс.
Ыстыққа шыдау үшін мынадай тәсілдерді қолданған жақсы:



1. Ауа қызуы 26 градустан асқасын көп жұмыс істемеу керек. Ал 30 градустан асқасын кондиционері жоқ кеңседе 3 сағаттан артық отырған дұрыс болмайды.



2. Ағзаға түсетін физикалық салмақты азайту керек.



3. Мұндай күндері су қосылған шырын, квас, компот, яғни нәрсу ішіп тұрған дұрыс. Жай күндері 1,5–2 литр су ішетін адам бұл кездері оның мөлшерін көбейте түскені абзал.

4. 1 литр қайнаған суға 1 шай қасық ас тұзын, 8 шай қасық қант ұнтағын қосып (үстінен лимон, апельсин шырынын қосуға болады), суытып, аз-аздап жиі ішіп тұру керек.

5. Ыстықта тамаққа тәбет болмайды дегенмен де «окрошка», «свекольник», «ботвинья», тұздалған балық, помидор, қияр жеп тұрған жақсы. Тамақты көп пісірмеу керек, артылғаны тез бұзылады. Тағы бір айта кетер жайт, дүкеннен кейбір азықтарды алғанда оның жарамдылық мерзіміне қараңыз. Күн ыстықта оның жарамдылық мерзімі де қысқара түседі. Тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштан тыс жерде 4 сағаттан артық ұстамаңыз.



6. Қоғамдық көлікте мүмкіндігінше аз жүріңіз. Әсіресе адам лық толы көлікке мінбеңіз. Себебі адамның көптігі мен қапырық оттегінің жетіспеуіне, талып қалуға, гипертониялық кризге ұрындыру қаупі бар.



7. Сырттан терлеп келіп кондиционер астына отырмаңыз, суықтап, радикулит, пневмония ауруларына ұрыну қаупі бар. Ішкі-сыртқы температура айырмашылығы 10 градус шамасы болса, ағзаға жайлы әсер етеді. Ал кондиционер қуатын көбейтіп, бөлмені қатты салқындату керек болғанда сыртқа шығып кету керек. Суық ауа ағынын тікелей өзіңізге бағыттамаңыз.

8. Синтетикалық және тар киімдерден аулақ болыңыз. Синтетика ауа өткізбейді, теріні «тұншықтырады», онда патогенді бактериялар көбейеді. Ал тар киім ағзаның тыныс алуы мен жылу алмасуын қиындатады, ол дене қызуы көтеріліп, естен тануға дейін жайсыз әсер етуі мүмкін.

9. Кондиционерді қолданыңыз, бірақ оның ауаны кептіретін әсері бар, сол үшін ауаны ылғалдандырып отыруды да ұмытпаңыз.

10. Үйге үрмелі «бассейн» алып, ішін суға толтырып қойыңыз. Балаларды оған, душқа жиі түсіріңіз. Ваннаны, шылапшындарды мұздай суға толтырып қойған да бөлме температурасын жеңілдетеді.

11. Бөлмені желдетіп, желдеткіш қолданып тұру керек.



12. Суды көбірек ішіңіз. Термен бірге сыртқа шыққан тұздардың орнын толтыру үшін газсыз минералды су ішкен де пайдалы.



13. Аса қатты жұмыс болмаса, көшеге тек таңертең және кешке шығыңыз. Балалармен сағат күндізгі 10-ға дейін, сондай-ақ кешкі сағат 8-ден кейін серуендеген дұрыс.



14. Көшеде жаздық қолшатыр, қоғамдық көлікте желпуіш (веер) қолдануға болады.
Пайдалы кеңестер 8.08.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы