Мен Сұрақ-Жауап сайтына қалай келдім?! #1.БлогЖАК

Барлығы да «Ұлан» газетінен бастау алды. Ашығын айтар болсам, осы газеттің «Кел, танысайық!» деген айдары бар болатын. Сонда Қызылордалық бір қыз өзінің мекен-жайын қалдырып, алыс-жақыннан дос іздейтінін хабарлапты. Негізі осындай дос іздеушілер көп болатын. Сөйтіп, әлгі қызға хат жолдадым. Кәдімгідей конвертке салынған хат болатын. Кейіннен агенттің дәуірі басталғанда, сол желі арқылы хабар-ошар алысып тұрдық. Маған бір күні «СЖ деген сайт бар екен. Кез келген сұрағыңды қойсаң жауап береді» деп айтты. Оның сөзіне басында мән бергенім жоқ. Жай ақылы сайттардың бірі шығар дедім де қойдым. Кейінен, Гоогле көкем іздеген сұранысымды осы сайтқа сілтеді. Мыңдаған сұрақтарды көріп, қызығушылықпен тіркеле кеттім(11.05.2012). Бастапқыда бал үшін білмегенімді білердей қып жазатын едім. Бірақ, бос сөздер емес, қолданушылардың іздеген ақпараттары еді.

Бірде осы сайттың бұрыңғы модераторы Пари мені маман дәрежесіне көтеріп қойды. Шыны керек, бұл мен үшін үлкен қуаныш болды. Енді, тағыда жоғары дәреже алу үшін белсенді болуға кірістім. Маман дәрежесін алған уақытым 29.08.2012 жыл еді.

09.01.2013 жылы Админге өтініш айтып, редактор дәрежесін алдым. Артылар жүк аздап ауырлай түсті. Шама-шарқымша міндеттерімді орындай бердім. Араға тура 3 апта салып яғни 30-ы күні модератор дәрежесіне көтерілдім. Менің бұл атақты алуыма көмектескен сол кездегі сақа  модераторлардың бірі  ка-мырза еді.

Міне, сонан бері сайтпен бірге келе жатырмын!

 

*Өзгелердің де сайтқа қалай келгенін біле отырайық. Мен БлогЖАК-тың кесексөзін vvvwww - ге жолдаймын.

*БлогЖАК – жаңа термин! Мағынасы «блогымды жалғастырып алып кет» деген тұжырымды береді. Алғаш рет БЛОГТАЙМЕ сайтында қолданыла бастады. Қазіргі таңда кең түрде пайдаланбақ ниеттеміз.
 

Сұрақ-Жауап сайты 14.01.2015 жариялады

4 пікір

Осы жерге жзып кетейінші СЖ-ға қалай келгенімді, мә ия айтпақты бір көршім айқайлап шақырып алды)))... әзілім ғой. Рахмет Маке...елегеніңізге...

сосын кешірерсіздер... менде қазір уақыт жоқ, отчет тапсырып алайыншы, 20-на дейін бітіруім керек, сосын бұрқытам блог дегенді (оқуға уақыт таппай қалып жүрмеңіздер)
Әәә, солай де... Ендеше, сөз тізгінін кімге бересің? Босағаныңша басқалары жаза берсін.
Қош келдің сайтымызға Марат. :)
Қош көрдік, Ереке!)
115,849 сұрақ
293,674 жауап
152,787 пікір
59,778 қолданушы