Әлемге саяхат 7.08.2015 жариялады

Таймлапс-видео түсірудің маманы Мартин Хек Vimeoдағы "Martin Heck | Timestorm Films" каналында Кальбуко жанартауының атқылауы көрсетілген видеоны жариялады.

Кальбуко - Анд тауының Чили жеріндегі бөлігінде орналасқан ұйқыдағы жанартау. 40 жыл тыныш жатқан жанартауға осы жылдың 22-сәуірінде жан бітті. Жанартау демін шығарып бастағаннан-ақ, "ә" дегенде аспанға күл мен қою түтін атқылады. Талай жылғы үнсіздіктен іші әбден толып қалғанға ұқсайды. Саңырауқұлақ пішіндес күл мен түтін шоғырының биіктігі 10 шақырым биіктікке жетіп, көкжиектегі жарық сәулемен араласуынан қызыл түске боялды.

Германиялық Мартин Хек пен оның достары дәл сол сәуір айының соңында Кальбуко жерінде жүрген екен. Бұлардың Timestorm Filmsатты таймлапс-видероликтер жасайтын компаниясы бар. Кәнігі мамандар әбден ішқұса болған Кальбуконың шерін ақтарып жатқан сәтін құр жібермей, камераға жазып алады. 
"Бұл - мен көрген шоулардың ішіндегі бұған дейін көрмегені болды. Адамды жан алқымнан алып, деміңді ішіңе тарқызатын мұндай көрініске куә болу - сирек жағдай. Сол ғажайып сәтті таспаға жазып алғаныма қуаныштымын",- дейді Хек.

Жәнібек Нұрыш

117,167 сұрақ
299,122 жауап
153,130 пікір
63,643 қолданушы