Стэнфорд университеті

Стэнфорд университеті

Үсті-басы жұпыныңқы, жүздерін мұң торлаған егде жұбайлар Бостон пойызынан асыға түскен күйі көше-көшелерді артқа тастап, Гарвард университетіне жетіп, демін бір-ақ басты. Тартынған қалыпен ректордың бюросына беттегені сол-ақ, хатшы қыз атып тұрып, алдын кес-кестеді. Аты-тегі белгісіз қай-қайдағы міскіндердің Гарвард секілді университетті емін-еркін кезуін...

Қария жаймен ғана ректорды көргісі келетінін баяндады. Бірақ бұл мүмкін емес-тін. Ректордың бұл күні артық уақыты жоқ. Егде әйел ұяң қалыппен "Күтерміз" деді де қойды... 
Әәә, жарайды, аздан соң күтуден де жалығарсыңдар... 
Хатшы естіртпей күбірлеп үстеліне қайта төнді. Сағаттар сырғыды, алайда егде жұбайлардың жылжитын түрі жоқ. Шыдамы шегіне жеткен хатшы амалсыз қайта тұрды. " Айтарын аз ғана тыңдай қойсаңыз, әйтпесе тапжылатын емес!" деп ректорды үгіттеп-ақ бақты. Басқа жол жоқ.

Жас ректор еріне қозғалып, есікті ашты. Үсті-басы алба-жұлба ауылдықтарға жирене қарады. Басында: "Осындай түрмен зәулім ғимаратқа келуге батылдықты қайдан тапты екен?" деген ой.

Егде әйел бірден сөзге кірісті. Гарвардта оқыған ұлы бір жыл бұрын жол апатынан бақилық болыпты.Марқұм ұлы мұнда өмірінің ең бақытты кездерін өткізген сондықтан соның құрметіне оқу ғимаратының бір бұрышына естелік қалдырғылары келеді.

Ректор мынадай ессіз әңгімеге кеткен қайран уақытына қынжылды. "Ханым" деді қатаң дауыспен сөзін бөліп "Біз Гарвардта оқыған және соңынан өлген әркім үшін белгі қоя берсек, бұл жер мазарға айналмай ма?"

"Жоқ, жоқ" деп жан далбасалады кәрі әйел. "Белгі емес... Бәлкім Гарвардта бір ғимарат тұрғызармыз" Ректор жүдеу адамдарға жиіркене қарады да "Ғимарат па?" деп қайталады, "Сіз бір ғимаратқа қанша қаржы жұмсалатынын білесіз бе? Қарапайым соғылған соңғы ғимаратымыз үшін жеті жарым миллион доллар шығындадық..."

Тартыстың осымен аяқталғанын бәрі де сезінді. Артық әңгменің айтылуы мүмкін емес. Кәрі әйел жаймен жұбайына бұрылды: "Университет құрылысына қажетті қаржы осы ма? солай екен, неліктен өз университетімізді құрмасқа?"

Ректордың жүзі түнеріп кетті. Кәрі кісі басын шайқады. Ерлі-зайыпты Леланд Стенфордтар сыртқа шықты. Батыс Калифорнияға, Пало Алтоға жол тартты. Гарвард керек етпеген ұлдарының құрметіне университет құрды. 
Осылайша, алдымен Американың, кейінірек әлемнің беделді университеттерінің қатарын толықтырып, Стэнфорд университеті дүниеге келді.

Түрік тілінен ықшамдалып аударылды.

Қызықты деректер 5.08.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы