Қазақстан Барыстары

Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» атты турнир 2011 жылдан бастау алды. Жеңімпаз чемпиондық белбеу, «Тайтұяқ» трофейін және қаржылай сыйақы алады. Ең алғашқы жылы 4000 орынды «Даулет» спорт кешенінде өткізілсе, келесі жылдары 9200 адам тамашалай алатын «Сарыарқа» велотрегінде өткізілген. Бұл ең масштабты жоба. Себебі, 2013 жылы 9000 көрермен өз балуанына қолдау көрсетуге келген. Тікелей эфирдің арқасында 6 миллион адам теледидардан тамашлай алған.

2011 жыл – Ұлан Рысқұл

Ұлан Рысқұл

Лақап аты: Сыр қыраны(арланы)
Туған жері: Қызылорда облысы
Туған жылы: 1982
Бойы:188; салмағы:125
Спорттағы жетістіктері: 2011жылғы «Қазақстан Барысы»; қазақ күресінен Әлем кубогінің қола жүлдегері; Қазақстанның үш дүркін чемпионы.
Өмірлік ұстанымы: «Жеңсең - тасыма, жеңілсең - жасыма».

2012 жыл – Бейбіт Ыстыбаев

Бейбіт Ыстыбаев

Лақап аты: Тараз арланы 
Туған жері: Тараз қаласы
Туған жылы: 1985
Бойы:190; салмағы:140
Спорттағы жетістіктері: 2012жылғы «Қазақстан Барысы»; қазақ күресінен Әлем чемпионы(2008ж.); қазақ күресінен Азияның үш дүрікн жеңімпазы(2006,2007,2008жж.).
Өмірлік ұстанымы: «Тек қана алға!».

2013 жыл – Айбек Нұғымаров

Айбек Нұғымаров

Лақап аты: Шығыс барысы
Туған жері: Абай ауданы, Құндызды ауылы
Туған жылы: 1987
Бойы:188; салмағы:132
Спорттағы жетістіктері: 2013жылғы «Қазақстан Барысы»; қазақ күресінен Әлем чемпионы(2010ж.); қазақ күресінен Азия біріншілігінің жеңімпазы(2011ж).
Өмірлік ұстанымы: «Күш атасын танымас».

2014 жыл – Мұхит Тұрсынов

Мұхит Тұрсынов

Лақап аты: Алтайдың ақиығы
Туған жері: Шығыс қазақстан облысы
Туған жылы: 1988
Бойы:185; салмағы:90
Спорттағы жетістіктері: 2014жылғы «Қазақстан Барысы»; қазақ күресінен Әлем кубогінің иегері (2011ж.); қазақ күресінен Азия чемпионы (2009ж).
Өмірлік ұстанымы: «Ат шабысына қарай, ер намысына қарай шабады».

2015 жыл – Бейбіт Ыстыбаев!

Бейбіт Ыстыбаев

Ғылым 31.07.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы