Түс жори аласыз ба?

Адамзат пайда  болғалы көрген түстерін жорып, оны түсінуге тырысып келеді. Түс  – шешімі табылмаған тылсым құбылыс. Біреулер көрген түстеріне сеніп, аян береді деп түсінсе, енді біреулер ол жай ғана құбылыс деп есептейді. Шын мәнінде солай ма?
Негізінде,  түстержай түстер және аян беретін түстерболып екіге бөлінеді.Жай түстің өзі 6 түрлі болады:
1.Адам өңінде бір нәрсені армандап, жақын адамын сағынып жүрген болса соларды түсінде көреді. Егер қарны ашып ұйықтаған болса, түсінде тамақ жеп жатқанын, тым тойып ұйықтаған болса, түсінде жүрегі айнып жатқанын көреді.
2.Біреумен құшақтасып, сүйісіп т.б. жатқаны сияқты (жыныстық мәндегі) түстер. Ғұсыл дәретін алуды қажет етеді.
3.Қорқынышты түстер. Ол шайтанның адамды арбағысы келген әрекеті ғана, одан келер еш зиян жоқ.
4.Түсініксіз, шым-шытырық оқиғаға толы түстер. Ол да шайтанның ісі.
5.Қатты шаршау, стресс пен жүйке шаршауымен байланысты көретін түстер.
6.Өткен оқиғаларды еске салатын түстер.
Бұл түстердің  ешбірі де маңызға ие емес. Жай ғана біздің күнделікті іс- әрекеттеріміз бен ойлағанымыздың нәтижесінде көретін мәні жоқ түстер.
Ал енді аян беретінтүстерге тоқталсақ. Олар алда болатын нәрселерден хабар береді. Бұлтүстер  4 түрге бөлінеді:
1.Алла тағаланың жіберетін айқын, анық түстері. Мұндай түсті кез- келген шын иман еткен адам көре алады.
2.Ескерту ретінде, алдағы қателіктерге ұрынбас үшін, тура жолға түсуге көмектесетін түстер.
3.Адамның өмірінде болып жатқан маңызды оқиғалармен байланысты түстер.
4.Түстегі адамдар мен оқиға орын алып жатқан жердің рухани әлеммен байланысын көрсететін түстер.
Бұл түстердің  өмірімізде алар орны ерекше. Сондықтан оларға  мән беріп, тек жақсылыққа жорығанымыз жөн.
Аян түстердің  белгілері
1. Түсті көрген  адам түс көре сала артынша оянады
2. Түс анық  еске түседі
Пайдалы кеңестер 30.07.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы