Пайдалы кеңестер 30.07.2015 жариялады
Хазіреті Омар  (р.а.) халифа болып тұрған кезінде бір кісі келіп баласының қылықтарына көңілі толмайтынын айтады. Сөз тыңдамай, қит етсе өзіне қарсы келетінін сөз етеді. Халифа баланы шақыртып, бұның себебін сұрайды. Бала: «Уа, мұсылмандардың әміршісі, әкенің бала алдында ешқандай міндеті жоқ па?» - деп сұрайды. «Әрине, бар» - деген халифа Омар ол міндеттерді былай деп тізбектейді:
«Әке ең алдымен болашақ ұрпағына ары таза,мінез құлқы жақсы ана таңдауы керек (яғни сол әйелді жар етуі қажет).
Сосын баласына жақсы ат қоюы әрі оған Құран Кәрімді үйретуі тиіс».
Мұны естіген бала: «Ендеше, әкем бұлардың ешбірін де орындаған емес. Маған ана ретінде таңдаған әйелі, яғни анам мәжуси (отқа табынушы), қойған есімі «тасбақа» деген мағынаны білдіреді. Ал Құраннан бір әріп те үйреткен емес», - дейді. Сонда хазірет Омар баланың әкесіне қарап: «Негізінде сенің үстіңнен балаң шағым жасауы керек екен. Балаңның алдындағы парызыңды орындамасаң, балаң да сенің алдыңдағы парызын орындамасы анық» - депті.
117,827 сұрақ
303,627 жауап
153,362 пікір
65,491 қолданушы