Маған көздің қажеті не?

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қайтыс болғанда, сахабалардың бірі Зәйд ибн Абдулла  бақшасында жүрген болатын. Кенеттен тағы бір сахаба шауып келіп: «Әй, Зәйд, Алланың елшісі (с.ғ.с.) дүниеден өтті. Ал сен әлі соқаңды сүйретіп жүрсің», - дейді. Сол сәтте Зәйд тұрған жерінде сұлқ түсіп құлап қалды.
Бір ауық уақыттан кейін өзіне келген Зәйд алақанын жайып: «Алла Тағалам! Алла елшісін ендігәрі көрмейтін көзге ие болып жүргім келмейді. Оны көрмеген соң көз маған неге қажет?» деп жылайды. Жасалған дұға шынайы еді. Әлгі сөзді айтып, езуін жинай бергенде, маңдайындағы қос жанары лып етіп сөне қалды. Содан соң көздері қайтып көрмеді. Алла елшісіне деген махаббаты осындай еді.

Қазақ тіліне аударған: Асылбек Әуезханұлы.
Пайдалы кеңестер 30.07.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы