Volkswagen тоқпен жүретін скутер құрастырды

Volkswagen неміс концерні жаңа тоқпен жүретін транспортын таныстырды. Last Mile Surfer атауына ие болған тоқпен жүретін скутер тез жиналып, қажетсіз ортада кедергі болмайды.

Last Mile Surfer скутері литий-ионды батареяда жұмыс істеп, электрлі мотормен қозғалады. Компания өкілінің айтуынша, толық қуаты әзірге 20 шақырым жерді жүріп өтуге жетеді. Бұл әрине тұтынушының көңілінен шықпауы мүмкін. Себебі әр жиырма шақырым сайын қуат көзін іздеп отыру қиын. Немісинженерлері бұл көрсеткішті өсіруді жоспарлап отыр.



Скутерді кез келген уақытта жинап, көліктің жүк салғышына орналастыруға болады. Айта кетсек, икемді қозғалыс транспортының салмағы – 11 килограмм.

Volkswagen компаниясының Ұлыбританиядағы басшысы Мартин Винтеркон Last Mile Surfer электрлі скутерінің 2016 жылдан бастап сатылымға шығатынын айтты. Ал оның әлемдік нарықтағы орташа бағасы 1 000 еуроны құрайды.

Қызықты деректер 28.07.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы