қазақстан футбол ұлтттық құрама

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жеребе тартылды. Юрий Красножан жаттықтыратын Қазақстан құрамасы "Е" тобына түсті.
Жеребе қорытындысы бойынша ұлттық құрамалар тоғыз топқа бөлінді. Оның жетеуі алты елден, қалған екеуі бес елден тұрады. Қазақстан ұлттық құрамасы "Е" тобында Румыния, Дания,  Польша, Армения және Черногория құрамаларымен әлем чемпионаты жолдамасына таласатын болады.


Жеребе қорытындысы:

"А" тобы- Люксембург, Беларусь, Болгария,  Швеция, Франция, Нидерланд;
"В" тобы- Фарер аралдары, Латвия, Андорра, Венгрия, Швейцария, Португалия;
"С" тобы- Сан-Марино, Әзірбайжан, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Чехия, Германия;
"D" тобы- Грузия, Молдова, Ирландия, Сербия, Австрия, Уэльс;
"Е" тобы- Қазақстан, Армения, Черногория,  Польша, Дания, Румыния;
"F" тобы- Мальта, Литва, Словения, Шотландия, Словакия, Англия;
"G" тобы- Лихтштейн, Македония,  Израиль, Албания, Италия, Испания;
"Н" тобы-   Кипр, Эстония, Грекия, Босния және Герцеговина, Бельгия;
"І" тобы- Финляндия, Түркия, Украина, Исландия, Хорватия;
Әр топтың көшбасшысы әлем чемпионатына тікелей жолдама алса, екінші орыннан көрінген құрамалар қосымша жолдамаға талас жүргізеді.

Спорт 26.07.2015 жариялады

6 пікір

плагиат                 !
қоясалыңдарщ
ӘЧ-қашан болады?
2018 жыл 14 маусым (июнь) - 15 шiлде (июль) аралығында.
Тағы да ұйқысыз түндер өтеді екен ғой))
әә мыналар біздің елімізді топтың соңына қойыпты ғой, таластың соңында, бәрі кері айналып бірінші орынға шығуын алладан тілеймін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
115,430 сұрақ
292,139 жауап
152,622 пікір
58,632 қолданушы