2015 жылы инвестиция тартқан 20 Украиналық стартап жоба

стартап жобалар

Жылдың басында бір тендерге кіретін болып, құжат жинау барысында украиналық IT компанияның қызметіне жүгіндік. Қызмет көрсету деңгейі жоғары, бағалары ақылға қонымды, менеджерлері өте сыпайы, артық сұрақтармен уақытыңды алмайды екен. Содан бастап Украинаның біраз IT компаниялары мен креатив агенттіктеріне қызығып, солар жайлы мәліметтерге көз қиығымды салып жүрдім.

Баршаңыз білесіздер, соғыс болды, қырғын болды, бұнда кімнің кінәлі екенін айтпай-ақ қояйын, бірақ бір білетінім Украинаның мықты IT мамандарына обал болды, қаңғырып кетті кәдімгідей. Олардың қызығын америкалық (ресейлік те бар) неше түрлі венчурлық компаниялар көріп, мамандардың идеяларын өздерімен қоса аздаған миллионға сатып алып жатыр.

Суретте 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында инвестиция тартқан 20 украиналық стартап жобаның тізімі көрсетілген. Бұл стартаптарды айтып, неге сендердің бастарыңды қатырып отырмын, себебі бұлардың өткен жолынан 1-2 жылдан соң біз де жүреміз. Стартап жасаймын деп құлшынып тұрған жастар болса, тізімдегі жобаларға деңгейлес дүниелерге дайындалу керек.

CLICKKY - мобайл әпликейшндерді жылжытатын, оларға аудитория және ақша тартатын, трафикті анализ жасау және оптимизациялаумен айналысатын Шығыс Еуропада істеп тұрған платформа. Одессалық бұл жоба Ресейдің iTech Capital қорынан 2 млн доллар алған.

Тізімде екінші тұрған SETTLE (ресторандарға алдын ала тапсырыс беру қызметі) және бесінші тұрған AJAX SYSTEMS (смарт үйлердің қауіпсіздік қызметін атқаратын темір-терсекке қатысты жоба - hardware) стартаптарын бір команда жасап, жалпы 2.3 миллионды Украинаның өзінің SMRK атты венчурлық қоры қаржыландырған.

PETCUBE - үй жануарларына робот жасайтын жоба, 1.1 млн доллар алған. 

Байқап отырған болсаңыздар, жобалардың деңгейі өте жоғары. Бірақ даттаудың, түңілудің қажет жоқ, жұрттың баласынан қаламых ба біз де жасаймыз. 

P.S. Ары қарай Google мырзадан қай жоба несімен ерекше екенін, қалай ақша тартқанын оқып алсаңыздар болады. Көптеген пайдалы ақпараттар аласыздар!

Нұрлан Жанай

Қызықты деректер 25.07.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,459 қолданушы