Оқуға лайықты 5 кітап тізімі

Оқуға лайықты 5 кітап

Жаз - демалыс мезгілі. Сонымен қатар, жаз - мүмкіндік мезгілі. Себебі, күнделікті жұмыстан немесе сабақтан қол тимейтін басқа уақыттарда физикалық даму мен ой-өрісті кеңейтуге онша көңіл бере бермейміз. Ендеше, жазда менталды тұрғыда дамимын деген адамға мақсатына қол жеткізудің бірден-бір жолы-кітап оқу. Осы тұрғыда мен оқырманға міндетті түрде оқуға тұратын 5 кітап ұсынғым келеді. Бұл рейтинг өз тәжірибеме негізделген жеке көзқарас болып табылады. Назар аударыңыз, төменде кітаптардың атауын өзім оқыған тілде көрсетемін.

5) Харпер Ли, "Убить пересмешника".

Бұл кітаптың басты ерекшелігі оқиға желісі кішкентай қыздың сол оқиғаны қалай қабылдағанын тыңдарманға жеткізуінде. Балалық көзқарастың бірте-бірте ересек адамның көзқарасына айналғанын тек кітапты оқып біткенде ғана түсінген адамға таңданбау, балалықты еске алмау, қайталанбас әсерде болмау мүмкін емес.

4) Чак Паланик, "Бойцовский клуб".

Алғашқы 5 сөйлемін оқығаннан-ақ өзіне баурап алатын кітаптар қатарына дәл осы кітап міндетті түрде кіреді. Қысқа сөйлемдер, шамадан тыс  әлемтану, триллер, шытырман сюжет, жасырын философия-барлығы осы кітапта. Басқа сөзбен айтқанда, бұл кітапті оқымаған  адамның жолы болған. Себебі, ол адамда таңғажайып туындыны оқуға мүмкіндік бар!

3) Дж. Оруэлл, "1984".

Белгілі Apple компаниясының вирусты жарнамасына негіз болған кітап адамзат өмірінен жеке адамның өміріне дейінгі құндылықтарды ақтарады. Кітапты 1000 адам оқыса 1000 түрлі сюжет, дәл сонша мағына байқайды. Әлемді тану, қоғамды тану , адамзатты тану мәселесі жайында толғанатын адамға таптырмас қазына.

2) Дэниел Киз, "Цветы для Элджернона".

Бұл кітап жоғарыда айтылған кітаптардың қатарында екінші орында тұр. Бұдан артық сипаттаманың қажеті жоқ деп ойлаймын.

1) І.Есенберлин, "Көшпенділер".

Адам толғанысы, махаббат, тарих, ескі өмірдегі жаңа көзқарас, ерекше сөз қолданудағы стиль... Бұл тізімді жалғастыра берсем, тоқтау қиын. Бастысы, әрбір оқиғаға оқырманның өзіндік пікірімен қарауға мүмкіндік береді. Әдетте объективті болатын әр нәрсенің субъективтілігіне көз жеткізуге себеп болған туынды.

Пайдалы кеңестер 25.07.2015 жариялады

2 пікір

Қоса кетейін, Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" кітабы, Роберт Кийосакидің "Бай әке, кедей әке" кітабы (қазақ тілінде әлі шықпаған болуы керек білуімше).
Жоқ,жоқ шыққан Роберт Киосакидің Бай әке кедей әке кітабы.
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы