Ғылым 24.07.2015 жариялады

Жер 2.0

Біздің планетамызға ұқсас алғашқы планета табылды. Kepler телескопы арқылы ғарыштың тұрғын аймағында бірінші планета бекітілді. Онда Жердегідей су болуы мүмкін. Экзопланета Аққу шоқ жұлдызында анықталды. Диаметрі бойынша ол Жерден 60% үлкен, ол біздің планетамызға ұқсастығынан ең жақын келетін алғашқы планета. Өзінің атауын Kepler 452 жұлдызын айнала қозғалатыны үшін Kepler-452b деп аталды. Жұлдыз Күннен 20% жарық және диаметрі 10% үлкен. Бұл жұлдызды толық бір айналу кезеңі 385 тәулік, ол Жерден 5% ұзақ.

Жұлдызға дейін арақашықтық 1400 жарық жылы

Табылған планетаның нақты массасы әлі анықталмады, бірақ модельдеу арқылы шамамен Жерден 5 есе ауыр деп болжамдалуда. Планета айналатын жұлдыздың жасы 6 млрд. жыл, ол Күннен 1,5 млрд жыл үлкен. Жұлдыздар эволюциясымен есептегенде Kepler-452 жарығырақ және ыстық болып келеді. 5 млрд жыл бойы аз температура алған экзопланета ақырындап жылып, температурасы аздап жоғарлауда.

2009 жылы экзопланеталарды тұрғын аймақта анықтау үшін «Кеплер» ғарышқа ұшырылды. Тұрғын аймағын (немесе тіршілік аймағы) кейде Златовласка аймағы деп атайды (Үш аю ертегісінің негізінде). Бұл су пайда болуына ең қолайлы және жұлдыздардан қауіпсіз жерде орналасқан планеталар аймағы. Бұл шарттар судың сұйық күйде планетаның бетінде орналасуына мүмкіндік береді. Экзопланеталарды іздеу үшін «Кеплер» транзиттік әдіс қолданады, ол тек ғарыш телескоптарының мүмкіндігі. Планетаны анықтау үшін «Кеплер» жұлдыз жарықтығын бақылайды. Толығырақ айтсақ, планета өзінің орбитасымен қозғалғанда жұлдыздың жарығын бөгейді – жұлдыздың тұтылуы болады. НАСА түсіндіргендей - автокөлік шамдарының алдынан жәндіктер ұшқанда болатын көрініспен теңестірді. Егер «Кеплер» тұтылу белгілі-бір периодпен қайталанатынын бақыласа, онда бұл планета. Уақыт аралығы туралы ақпарат негізінде планета мөлшері және оның бетіндегі температура есептелінеді. Бұл ақпарат арқылы қаншалықты тіршілік қалыптасуына қолайлы екенін болжай аламыз. Осы жылы Керлер 11 жаңа планета ашты. Жаңа Kepler-452b планетасын анықтағанға дейін Жерге ұқсас Kepler-438b және Kepler-442b табылды. Олар Жер мөлшерінен екі есе үлкен және Күннен суығырақ қызыл карликтер жұлдыздарын айналады.

Суреттер nasa.gov сайтынан алынған.

5 пікір

Діни тұрғыдан адамзат тағдыры жерде басталып жерде аяқталатынына сенемін.Аллах Жерді шебер дәлдікпен орбитада орналастырып,тіршілікке қолайлы етіп қойғанына таң қалмасқа шара жоқ.Бірақ сенімім солай болсада ғылымның дамып адамның өзге планетаға аяқ басып,игеруіне көзқарасым оң.Жалғыз көгілдір планетамызға байланып қалмай жаңа қоныс тауып жатсақ қуантарлық жағдай әрине.Тек қазіргі технологиялық жетістіктеріміз планетааралық саяхат жасауға мүмкіндік бермейді өкінішке орай.Содан болар "Интерстеллар" cекілді фильмдерді ұнатамын
Керемет жаңалық екен,
Мына планетаға жету үшін бар жоғы 300 млд. км/сек жылдамдықпен жүретін ғарыш кеме жасап шығару керек, Ал физикалық заңдылыққа сүйенетін болсақ, 300 мың км\сек жылдамдықпен жарықтан басқа ешбір метериялық дене қозғалуы мүмкін емес
Меніңше бұның барі өтірік алып қашпа әнгіме
мм жақсы жаңалық екен естімеген елде көп демекші
117,819 сұрақ
303,549 жауап
153,361 пікір
65,444 қолданушы