Шөпке көгалшапқышпен механикалық зақымдарға өсімдіктердің реакциясы?

Шөп көгалшапқыш

Шөпке көгалшапқышпен (газонокосилка) немесе кез келген басқа жолмен тиген зақым нәтижесінде, сынған жасушалардан шығатын ферменттер көмегімен, майлар мен фосфолипидтердің ыдырау реакциясы жүреді. Бұл линол және линолен май қышқылдарының қалыптастуына алып келеді және, олар да басқа ферменттермен тотығып, ыдырайды.
Қызығы, реакциялар нәтижесінде алты немесе он екі көміртек атомынан тұратын молекулалар қалыптасады. Олар: спирттер, күрделі эфирлер мен альдегидтер. Дәл осылар орылған шөптің иісін береді.

Орылған шөп иісінің құрамы:
39,5% — цис-3-гексенилацетат (күрделі эфир);
12,3% — цис-3-гексеналь (альдегид);
9,4% — метанол (спирт);
8,9% — цис-3-гексенол (спирт);
7,5% — транс-2-гексеналь (альдегид);
3,6% — этанол (спирт);
18,8% — басқа да органикалық ұшқыш заттар.
Иісі ең қанық шығатын зат - цис-3-гексеналь. Оны адам мұрнымен сезу шегі төмен, сондықтан ауадағы аз мөлшері жеткілікті. Алайда, бұл альдегид тұрақсыз және өзіне ұқсас басқа альдегидке - транс-2-гексенальға - тез ауысады.

Механикалық зақымдарға өсімдіктердің реакциясы неліктен осындай? Ғалымдар оған бірнеше себептер бар деп есептейді. Біріншіден иістің компоненттері бактериялар үшін зиян. Бұл өсімдікке жараларын сауықтырып алуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қатты иісті басқа өсімдіктер химиялық сигнал ретінде қарастырады. Мысалы, зақымданудан кейін дереу жарақатты емдеуге емдік заттарын шығаруға дайын болу.

Ғылым 21.07.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,092 қолданушы