Рамазан айы да өтіп кетті...

Айт мерекесі құтты болсын!

иә, айлардың ең қасиеттісі Рамазан айы да бітті. Кейбір адамдар сол баяғы лас тіршіліктерін жалғастырып жатыр. Өз айналамнан айтайын бәрін бірдей қараламай. М есімді қыз, мектепте бірге оқығанбыз, жалпы пысық жақсы қыз бірақ жеңілтектеу. Қысқа киіп 5-6 тонна болмаса да 500-600грамм косметика жағып, балағат сөздер айтатын қыз, ал Рамазан айы келгенде ораза ұстап, үйінде орамал тағып, қысқа кимеңіздер деген, тәрбие туралы посттар жазып жүрді. Енді Рамазан айы бітер бітпестен қайта сол тіршілігін жалғастырады, және жылда осылай... Бұл мысал емес шын өмірден алынған, және бұндай адамдар көп.

Рамазан айында тәубаға келіп қателіктері үшін кешірім сұрап дұрыс жүру керек әрине, бірақ Рамазан айы біте салысымен сол тірлігін қайта жалғастыру ең лас нәрсе шығар. Бір қасиетті айдан екіншісіне дейін күнәға барынша батып, Рамазан айында кешірім сұрап жыл сайын сол тірлікпен жүруге болмайды ғой...

Кейбір жастар тіптен әлеуметтік желілерде иманды сыпайы тәрбиелі бола қалады...оның да жарамдылық мерзімі бір ай ғана... Иманың болса стенаңда емес досым,  жүрегіңде болсыншы...
Өз ойым 17.07.2015 жариялады

7 пікір

бірінші блогым, сөзге шеберлігім жоқ, бірдене болса ұрыспаңыздаршы)

P.S.мен орыс тілінде оқимын/
Сізге ризамын. Жақсы маслихат бердіңіз.
Сол стенадағы иман жүректің стенасына "вставить" етілмей жатыр көбісінде.
Жақсы жазба.
ұнағанына ризамын!!!
Ұнаған жоқ оған жәй ғана жақсы дейді
жарайд жарайд))
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы