Ғылым 16.07.2015 жариялады

Адам баласын жалпы тіршіліктің, оның ішінде ғаламның жаратылуы жайлы ойлар ежелден толғандырып келеді.  Жер шарын жазық  деп елестеткен. Тіпті оны екі өгіздің мүйізінде немесе екі таудың төбесінде орналасқан, ал аспан жерді көмкеріп тұрған шатыр деген секілді балаңқы сөздердің болғаны да шындық. Ақыры ғылым-білімнің дамуымен 19 ғасырда «Әлем бұрыннан бар, ол мәңгілік және қозғалыссыз, яғни белгілі бір қалыптасқан өлшем, көлемі бар» деген тұжырым ортаға шығып, кеңінен тарағаны да мәлім.  Алайда, ғылым саласы шарықтап дамыған 20 ғасырдың 30 жылдары ғаламның ғаламат бір жарылыстың әсерінен пайда болғандығы дәлелденді.  Ғылымда «Big bang», яғни «Үлкен жарылыс» деген атаумен белгілі бұл заңдылықты Эдвин Хаббл есімді ғалым ашқан. Ғалымдар зерттеу нәтижесінде ғаламшарлардың бір-бірінен алшақтап бара жатқанын растады. Яғни ғаламның басталуы бар екені және оның кеңейіп бара жатқаны дәлелденді.

Толығырақ:

117,327 сұрақ
300,258 жауап
153,150 пікір
64,003 қолданушы