Қан тобыңызды білесіз бе?

Қан тобыңыз үйлесе ме?

Өткен жылы елімізде 150 мыңға жуық адам заңды түрде некесін қиыпты. Статист мамандар шаңырақ көтерушілер жыл санап көбейіп келеді дейді. Ал жар іздеген жастар одан да көп көрінеді. Біз оларға еуропалықтардың мінез жарасымдылығына байланысты мына бір кеңесін ұсынбақпыз. Бір топ астрологтар мен психологтар және медицина мамандары көз жеткізген бұл тәсіл жұптық жарасымнан хабар береді.

Жігіттер үшін…

І топ. Қан тобы осыған сәйкес келетін қыз-ке­лін­шектер өте қызғаншақ келеді. Олар тез қимылдайды­, кесіп сөйлейді, тірлігіне тындырымды­. Төсекте де белсенді. Олар күші мығым, ерік-жігері мықты жігіттерді ұнатады. Ынжық, жалтақ, ­пікірін ашып айта алмайтын жігіттермен ұзақ тұра алмайды.­

ІІ топ. Бұлар сабырлы, нені болса да ой елегінен өткізіп, ақылмен шешеді. Қимылы баяулау, бірақ тірлігіне пысық. Отбасылық өмірде кез-келген ауыртпа­шылықты көтере біледі. Көнбістеу, алайда бір ашулан­са басылуы қиын. Өйткені жылдар бойы жинаған өкпесін бір-ақ күнде төгіп салып, жіпті шорт кесуі ықтимал.

ІІІ топ. Қимылы да, сөзі де жылдам, ойы да тез өзгеріп отырады. Ойынан шыққан адамынан өлсе де айырылмайды. Бірақ тез шешім қабылдап,­ тез айниды. Ол сөзге шешен. Сырттай өте пысық көрінгенмен, аңғалдығы мен жалқаулығы бар.

ІV топ. Өте сезімтал. Кез-келген адамның тілін тауып, шүйіркелесе кетеді. Бірақ өзінің сырын аш­пайды. Олар ықыласпен тыңдап, шерін тарқатуға таптырмайтын жан. Бірақ ренішті кешіре алмайды. Аса қатты да, жұмсақ та емес, беделді, айналасына сыйлы жандарды ұнатады.

Бойжеткендер үшін…

І топ. Қолынан келмейтін ісі жоқ. Бірақ өмірлік жарын жақсы көре тұрып, сұлуларға көз тігуін қой­майды. Бостандықты сүйеді. Сөйлесе дүйім жұртты ау­зына қаратады, көрікті болмаса да көптің ішінде ерекше көзге түсетін, өнерлі жан. Қыз-келін­шек­тердің жүрегіне жол таба біледі.

ІІ топ. Үлгілі отағасы бола біледі. Сүйгені үшін бәріне көнуге дайын. Тек қалаулысы жанында жүрсе болғаны. Белсенді болмағанмен өз ісіне тия­нақты, тындырымды. Сүйгенін қажетті дүниемен қамтамасыз ете алады. Бірақ кекшіл, қызғаншақ.

ІІІ топ. Өмірге жеңіл оймен қарайды. Қашанда қызық қуып, серілік жасағанды ұнатады. Сүйгенінің көңіліне қаяу салса кешірім сұрамайды, өйткені осы болмысымды қабылда деген менмен талап тұрады. Олар өзін күтетін, қылықты, кешірімді де пысық бойжеткендерді ұнатады. Ба­ла-шаға тәрбиесіне деген жауапкершілік міндеттер оған арналмаған.

ІV топ. Серігінің тілегін де, айтары мен ойындағысын да сезіп, түсініп, көңілінен шығып тұратын мұндай жігіттер кез-келгенді бақытты ете алады. Көпшіліктің көңілінен шығып, суырып салып өлең оқып, әу деп те қоятыны бар. Көңілі келсе азық-түлікті өзі көтеріп келіп, кір де жуа салады.

Копипас,қайдан жазып алғаным көрсетілмепті.

Қызықты деректер 14.01.2015 жариялады

6 пікір

Сенбеймын, бос өз
Сену, сенбеу әр адамның өз еркіндегі мәселе. бірақ бұл гороскоп емес, ғылыми талдаулар жасалған дүниелер.
Пікір қосу деген бар екен ғой)) Былай ғой Jako саған қатысы жоқ, тек материалыңа көзқарасым. Біріншіден, "Бір топ астрологтар ..." дегені күдік ұялатады. Олардың не қатысы бар деймін. Екіншіден, 7млрд адамның қан тобын зерттемеді демей-ақ қояйын, ешқандай санмен мәлімет көрсетілмеген сондықтан, қарапайым газеттегі мақала сияқты. Рас-өтірігіне де көз жеткізу керек қой, солай ма) Үшіншіден, менің қасиеттерім 3 қан тобында шашылып жатыр, бірі келсе, бірі келмейді.
Мақтарлықтай болмаса да менікі келетін сияқты)))
Менікі аздап келіп тұр 1 топ.
Маған келеді екен.
116,249 сұрақ
295,169 жауап
152,911 пікір
61,061 қолданушы