СЕНДЕ ЖҮРЕК КӨППЕ НЕ??? 

СЕНДЕ ЖҮРЕК КӨППЕ НЕ???
Сезіміме төзімім мінгеседі.
Сол төзіммен жүрегім күн кешеді.
Ғашық болдым...
Дос болдым....
Байкағаным!
Жүрегіме жалғыздық күндес еді.
Сағынышым сезімімнен басымба?!
Сағынамын отырсаңда қасымда!
Жалғыз ғана дүрсілдеген жүрегім,
Жалғыздыққа жаралғанба расында?
Жалғызбынба?
Жоқ...
Алла бар дем берер.
Алла барда жалғыздықта емделер.
Тек сен ғана періште боп туыпсың,
Қалғандары қарапайым пенделер!
Жоға жаным...!
Сағынбаймын мен енді.
Жалғыздыққа жалғасамда кемемді.
Уәде берем, ұмытамын бір күнi.
Тым болмаса осы жолы сен ендi!?
Сол сезімді қалдыр осы қалпында.
Сағынба да!
Қайтаруға талпынба!
Шын жүректен шыққан таза сезімді.
Айырбастау мүмкін емес алтынға!
Кешір деме, көз жасыңды төкпе де...
Керек десең ренжі...
Мейлі, өкпеле!
Сезіміңді әр адамға сыйлардай,
Түсінбедім!
Сенде жүрек көппе не?


Авторын білмеймін. Бірақ өлеңі ұнап қалды)

Поэзия 16.07.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы