ТАҒДЫРНАМАЛЫҚ - САН

Аңызға қарағанда, Пифогор заманында  жасалған тағдырнама кестесін - сол  заманындағы таңдаулы  аз ғана  адамдарға  белгілі  ілімнің  осы кезге  бізге жеткізуі  қайран  қалдырады.  Пифогордың кестесінде  біздің әрқайсымыздың қандай адам екенімізді, тайға таңба басқандай айқын көрінеді. Біздің  әрбіріміздің қасиет-дарынымыз сол туған күніміз бен  жылымызда   жатыр. Бірақ туғаннан бізге  табиғат сыйлаған  қасиетті қалай жүзеге асыруымызға,  адамның  қандай ортаға, қандай  жағдайға  тап  болуына байланысты болады. Егер ата-анамыздың қолында  осы кесте  болған болса, онда  олар өз балаларын табиғи жаратылысына  лайық тәрбиелеп,  дүниеде біркелкі болып,  талантсыз  адамдар аз болған болар еді. Барлық  адамдар туғаннан өз  номерін алып туып,  белгілі бір мінез-құлыққа  ие болады.  өз  сандарыңызды есептей, кестені  пайдалан отырып, сіз өзіңізге табиғаттың қандай  қасиет сыйлағанын біле аласыз. Бәрін де  мысалмен түсіндірейік.

Бұл үшін алдымен туған  күнді  аламыз. Оны, мысалы 29. 11. 1970 ж.

Туған күн мен туған ай сандарын қосамыз: 2+9+1+1=13

Туған жыл санын да қосамыз: 1+9+7+0=17. Шыққан сандарды қосамыз: 13+17=30.

1. Алғашқы жұмыс саны - 30.

2. Жұмыс санын да қосамыз: 3+0=3. Бұдан соң алғашқы жұмыс санынан туған  күннің  бірінші  санын екі  еселеп,  аламыз: 30-4 /2х2/=26.

3. үшінші жұмыс саны - 26. үшінші  жұмыс санын  қосамыз: 2+6=8.

4. Төртінші жұмыс саны - 8. Туған  күнді  білдіретін сан  қатары мыналар: 2 9 1 1 1 9 7

Екінші қатар жұмыс сандарынан тұрады:

30  3  26  8

Осы  екі қатардағы сандарды санаймыз /0-есептелмейді/: 12.

Бұл деген сөз сіз 12 рет өмірге  келгенсіз.  Ал бір адам, Пифогордың есептеуінше, жер бетіне  15 рет дүниеге келеді.  Бұдан соң, оның  өмірі  одан да жетілген шектегі  өмірге көшеді.

1- нағыз өзімшіл.

11-өзімшілдікке жақын.

111-жақсы мінезді.

1111-өте ерік-жігері күшті адам.

11111-диктатор, өктемдік жүргізуші.

111111-/өте сирек кездеседі/ - қатыгез адам,  бірақ соның өзінде жақындарына, туған-туысқандарына деген  көмегін аямайды, бәрін істеуге әзір.  Мұндай адаммен өмір сүру қиын.

2-шаршы (биоэнергия):

- екіліктің болмауы - ол адам бойында биоэнергияның жоқтығын  білдіреді, ал ол деген сол  биоэнергияны  алу  каналы  «ашық»деген сөз. Бұл адамдар көне  нәрселерді  ұнатады, өзін  қоршағандарға жаман  қарамайды,  міне, осыдан да олар басқалар арқылы  өмір сүруге тырысады. Табиғаттынан тәрбиелі жандар.

2-өмір сүруі үшін биоэнергиясы  жеткілікті,  бірақ нақ осы кезеңде ол аздық етеді. Сондықтан оған спортпен айналысу міндетті. Ауа-райының құбылмалығына өте сезімтал.

22-биоэнергиясы жеткілікті. Сіз басқаларды емдей аласыз.

222-сіз жақсы  биоэнергетиксіз.

2222-мұндай адамдарды  қарама-қарсы жыныстылар өте жақсы көреді. Егер оған үш  алтылық (666) шықса,  ол адамнан  сақтаныңыз, сізді  қармағына түсіруі оп-оңай.

 

 

 

3-шаршы (адамгершілік қасиеті):

- үштігі жоқ. Бұл өте ұқыпты немесе дәлдікті сүйетін адам. Қоршаған ортасында әңгімесі арқылы дараланып тұрады.

3- бұл адамдарды  тәртіпсіздік мазалайды, көңіл-күйіне қарай әрекет етеді.

33-ғылыммен айналысуға бейім (керемет математиктер, физиктер, химиктер).

333-ғылымға бейім (екі есе жігермен атқарады), берілгендік, ұқыптылық басым адам.

 

4-шаршы (денсаулығы):

- төрттіктің жоқ болуы - бұл адам жиі ауырады деген сөз.

4- жиі ауырмайды, негізінен  қартайған шағында ауырады.

44-өте денсаулығы күшті адам немесе  жоғары темпераментке ие кісі.

444-бұл  да сондай, тек екі есе қуатты.

 

5-шаршы (сезім-түйсігі):

-бестіктің жоқ болуы. Туғаннан жабық каналды (саңылаулы) адам.  Бұл адамдар әр түрлі жағадайда әр түрлі шаруалар атқаруға ұмтылады,  барлық кезде ойлы жүреді. Бірақ өмір тәжірибесі көрсеткендей, мұндай адамдар өмірде  көп қате жібереді.  Бұл адамға өмір сүру қиын тиеді.  Олар басын анда да, мұнда да соғады. Әдетте  бұлар математикпен  немесе журналистпен үйленеді.

5-сезім саңылауы ашық,  бұл адамдар аз қате жібереді.

55- сезімдік түйсігі күшті  дамыған адамдар (тергеушілер, заңгерлер).

555-көріпкел, төңірегіндегінің бәрін біліп отырады. Олар  өткен мезгілге де, басқа  кеңістікке де түйсігі арқылы  бара  алады.

 

6-шаршы (жергіліктігі):

- алтылығы жоқ. Дүниеде бір мамандық алуға келген адам,  дене еңбегі қажет, бірақ ол  еңбек етуді сүйемелдейді.

6-жерлік адам, дене еңбегі қажет, оқу туралы да ойлаған жан.

66-өте  жерлік адам, оған  дене  еңбегі  қажетсіз, ал ол оны  жақсы  көреді.

666-қауіпті белгі. Өте көркем де  тартымды адам,  темпераментті. Оның  серігі екілігі көп адам болғаны жөн.

6666-бұл адам бұрынғы дүниеге  келулерінде  жерлік болып алған, еңбекшіл адам. Ол үшін еңбек ету ауыр жүк емес, ол  барлық кезде  еңбек ете береді.

 

7 - шаршы (таланты):

- жетілігі жоқ. Бұл адам келесі  туыларында жеткілікті көп алу  үшін дүниеге келген. Ал оны аяушылықпен ғана  ала алады. өте ауыр өмір.

7-едәуір жеңіл өмір сүретін адам, таланты бар,  бірақ онысы күшті емес.

77-егер ол өзін дамыта алса, бұл  өте  күшті белгі.  Музыкаға бейім адам,  көркемдік талғамы бар,  суретте сала алады. Егер есептеулерде  бірлік пен екіліктер бар болса, оның бұл таланты ешкімге  қажетсіз. Пышақ жүзінде жүретін адам, онда бәрі бар: жақсы да, жаман да. Ол үшін жабық есік деген болмайды.

777-ерекше белгі. Бұл адамдар ерекше қиындықтарға тап болды.

7777-бұл қауіп-қатер белгісі. Бұл  белгідегі адамдар абайлап, бәрін де ескеріп жүргені жөн.

 

8-шаршы (міндеткерлігі):

- сегіздігі жоқ. Адам сізден бір нәрсе алса, соны  қайтаруға асықпайды.

8-жауапкершілік адам, басқаларға қол ұшын беруге дайын.

888-халыққа  қызмет ету белгісі, үлкен  жауапкершілікті адам.

8888-бұл белгі тек 1988 жылғы ғана болады. Балалар дамыған қабілет иелері, олар нақты ғылымы оқып, зерттеуге бейім.

 

9-шаршы (ақылы):

9-бұл адам тағы да бір тоғыздықты  дамытуға тиіс.

99-туғаннан  ақылды бас иесі, бірақ оқуға деген  құштарлығы нашар.

999-табиғатынан ақылды адам,  оның қолынан бәрі де келеді.

9999-бұл белгідегі адамға сирек ақыл-еспен қосылудағы  шындық ашық болады, бірақ олар дөрекілікпен  жанашылықпен  ерекшеленеді.

Ал енді  сандарды торкөздегі орын-орнына қойыңыз да, кімнің  қандай  қабілетке, тағдырға ие екенін біле  беруіңізге болады.
Қызықты деректер 13.07.2015 жариялады

2 пікір

!""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""!

рахмет))))))))
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы