Бос талқылауды тиімді келіссөзге қалай айналдыруға болады?

опять совещание книга

Жиналыс әрқайсымыз үшін күнделікті қызметтің бір бөлігі ғана. Алайда, байқап қараған адам мұндай әр кездесу ақпарат алмасудың, бизнесті реттеудің, болашақты құрудың және түптеп келгенде ақша табудың мүмкіндігі екенін көреді. Алайда, ірі компаниялардың өзінде жиналыс талқылаулары ешқандай нәтиже бермейтін, уақыт пен күш жұмсалатын бос әңгімеге айналып жатады.

Бұдан қалай құтылуға болады? Осы кітапты оқуды ұсынамыз! Автор өз уақытын да, өзгенің уақытын да алатын шешендердің мінезін керемет ашып көрсетеді. Сондай-ақ, кітаптан еш қызығы жоқ талқылауларға қатысатын, көңілсіз отырған өзіңізді тани аласыз. Алайда, Дэвид Перл тек мұныман шектеліп қалмайды, ол, сонымен қатар, осындай кездесулердің сәнін кіргізіп, адамдарды қызықтырудың жолдарын үйретеді. Қиын ба? Иә. Орындауға бола ма? Әрине деп жауап береді Перл.

Кітаптың қадам-қадам бойынша көрсеткен нұсқаулығының арқасында сіз тиімсіз талқылауларға қатысу әдетінен айрылуды, әңгіме барысын дұрыс бағытқа өзгертуді үйренесіз. Басшы немесе қатардағы қызметкер екендігіңіз маңызды емес. Кездесу мазмұнын әркім-ақ өзгерте алады, ал нәтижелі жиналыстар жұмыс барысын жақсарта түседі!

Негізі мамандық 13.07.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы