17 жасар Нобель сыйлығының иегері

Пәкістандық Малала Юсуфзай.

Пәкістандық Малала Юсуфзай.

«Балалар мен жастардың жаппай білім алуына күресі үшін» Кайлаш Сатьярхти мен Малала Юсуфзайға 2014 жылы Нобель сыйлығы тапсырылды.

Малала 11 жасынан бастап ВВС-ге урду тілінде және «Гюль Макан» (аудармасы «Көктікен») лақап атымен өзінің блогын жүргізе бастаған. Блогында талибтер қолындағы қала тұрмысын сипаттаған. Күнделікті жазбалар ағылшын тіліне аударылып, үлкен танымалдылыққа ие болды. New York Times үнқағазы күнделіктегі мәліметтер бойынша деректі фильм түсірді. Тек, 2011 жылы ғана блоктың авторы Малала екені белгілі болған.

2012 жылдың 9 қазанында Малалаға шабуыл жасалып, басына оқ атылған. Бұл жағдайдан кейін оны дереу Ұлыбританияға Бирмингемдегі Елизаветта ханшайымның ауруханасына жеткізді. Екі ауыр ота жасалып,құлақтың есту қабілеті қайта қалпына келтірілді.

Пәкістандық Малала Юсуфзай.

Қазіргі уақытта Малала отбасымен Ұлыбританияда өмір сүруде. Ол Нобель сыйлығының ең жас иегері. Малалаға дейін ең жас иегер гватемалалық Ригоберте Менчу болған болатын.
«Малала Юсуфзай отандастарының жүректерін мақтанышқа толтырды. Оның тынымсыз еңбегі мен өз идеалдарына деген адалдығы әлемнің барлық баласына үлгі болуы тиіс».

Ғылым 8.07.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы