Өз ойым 8.07.2015 жариялады

бизнес бастау

Осы адамдардың бір бизнес бастар алдында "Маған ең алдымен ақша керек" деп жүгіре жөнелетінен түсіне алар емеспін. 2 апта алдын таныс жігіт "Мəке бизнес ашайын деп едім, барлық бизнес жоспарым дайын, тек ақша салсам болды" деп әңгімесін бастады. Сөйтсем ол жарнама агенттігін ашатын ойы бар екен. Бәрі дайын болған уақытта әкесі ақша жоқ, қазірше бизнесіңді тоқтата тұр депті. Көңіл күйі түсіп кеткен таныс балам, енді не істеймін деп ақыл сұрап келген түрі бар.

Сосын мен сұрай бастадым: "Ақша саған не үшін керек?" десем, барлығы дайын ең алдымен кеңсе жалға алуыма айына 2000 АҚШ доллары керек деді. Ол кеңсені не істейсін десем, келген клиенттерді қай жерде күтемін, кеңсеме қарап оның біздің компания туралы алғашқы ойы қалыптасады ғой дейді.

Мен оған бастапқы кезеңде ешқандай қаражат керек емес екенін жол жолымен түсіндіріп бердім. Неден кейін не істеу керек екенін қағазға жазып, қолына ұстатып жібердім. Кеше сол досым телефон шалып, бақыттан басы айналып тұр. Алғашқы клиент таптым, сайт жасап беретін болдым, 1200 АҚШ долларына келістік дейді ))).

Ол жігіт үшін өте қуаныштымын! Сәттілік тілеймін!

Айтайын деген ойым: егер сіз енді ғана өзіңіздің жеке кәсібіңізді бастағалы жатсаңыз, мүмкіндігінше ақшасыз бастауға тырысып көріңіз, кейіннен қаражат керек пе, алде жоқ па өзіңіз түсінесіз.

Мейірбек Жұмабеков

3 пікір

шығындалмай бизнес ашу үшін не істеу керек сонымен??
Мына жазба фейсбуктан алынған. Сол жерден авторы бар. Сол кісіден сұрағаның абзал. Ақбөпе тек сол жерден көшірген.
Салем ! Меним атым-Райгул... Мен экспресс-карьера жобасында Директор болып жумыс жасаймын. Оз командама интернет аркылы жумыс жасап, табыска шыккысы келетин  адамдарды шакырамын. Бала кутимимен де əйел  адамдарға да, бастапкы жумыспен де Катар алып журе алатын  ер  азаматтарға болады. Ешкандай салымсыз, зат сатпаймыз, пирамида не лохотрон емес. Толык акпарат алу ушун мын

немесе оз номеринизди калдырыныз...
117,050 сұрақ
298,365 жауап
153,118 пікір
63,354 қолданушы