Футболды дамытатын факторлар: Стадиондар және Медиа

Футболды дамытатын факторлар: Стадиондар және Медиа.

Футболдың дамуы тек алаңдағы ойынға байланысты емес. Футболды дамытатын факторлар: Стадиондар және Медиа. Бізде ертең Еуропа Кубоктарындағы ойындар басталады. Жақындаған сайын жылдағы дәстүр қайталанады, "Қай стадионда ойнайды?" деген. Шымкент 1-турды өткізер, ал одан кейін ше? Мықты болып саналатын Ақтөбе стадионы таргикомедияға айналып кетті. Ертеңгі матчқа дайын бола ма болмай ма, белгісіз. Ал ертеңгі ойыннан кейін ше? Одан кейін көрерміз - қазақша жауап. Бұл ойындарды айтпақшы ТВдан көрсетпеулері де мүмкін. Бұл бөлек жыр - Ойындарды көрсете ме жыры. 

Біздің халық футболды жақсы көреді, нәтиже күтеді командалардан, Ұлттық Құрамадан. Бірақ бұл да бір жауапсыз махаббат. Қанша жыл болды футбол үшін шыны керек түк істелініп жатқан жоқ. Балалар футболын дамытып жатырмыз атты ертегі бар айтпақшы. Ертегіге сенетін уақыттан асып кетіппін. 

Футболды бламын десең стадионыңды түзе! Смайлик «wink»Алматы стадионынан басқа есі дұрыс алаң қалмады қазір. Футболды ТВдан көргіміз келеді дейміз, бірақ ең болмаса бір түйір футбол туралы сараптамалық-шолу бағдарлама бар ма ТВда? Медиа - футболды дамытушы басты күштердің бірі емес пе? Біз Ұлттық Құрама ойнаған кезде футболшылардың түрлерін танымаймыз "Мынау кім?" деп...

Ертең ойнайтын командаларымызға сәттілік тілеймін. Иә, сәттіліктен басқа ештеңе көмектесе алмайды біздің футболға. Жігіттер нашар нәтиже көрсетсе қатты ренжімеңіздер. Олар емес, жүйе кінәлі, шешессс...

Спорт 1.07.2015 жариялады

2 пікір

дұрыс) мен Қазақстандық 5-6 футболшыдан басқасының түрін танымайды екем) жазба жақсы. бірақ, шешеңіз артық болды соңғы жағында)
Құрама тізімін жатқа білемін, 11 қазақ ойнайтын уақытқа жақындап келеміз сәл шыдаңдар.
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,091 қолданушы