Нобель сыйлығының медалдары жайлы

Қазіргі кезде халықаралық  беделі зор Нобель сыйлығы жайлы көпшілік қауым құлағдар екені сөзсіз. Биылғы жылы да өздерінің қалыптасқан қатаң дәстүрі бойынша осы жылғы қазан айының алғашқы онкүндігінде Нобель сыйлығына иегерлердің аты-жөндері белгілі болып, олар баспасөз бетінде жарияланды. Жақында, яғни 2014 жылғы 10 желтоқсан күні, Альфред Нобельдің отаны – Швеция елінің астанасы – Стокгольмде және Дания мемлекетінің астанасы Осло қаласында, бір мезгілде Нобель сыйлығын тапсыруға арналған салтанатты рәсім өткізіліп, лауреаттар Нобель медалымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Нобель медалдары, Нобель сыйлығы

Нобель медалдары

Нобель қорының 1900 жылғы 29 маусымдағы жарғысына сәйкес: "Нобель сыйлығымен марапаттаушы мекеме әрбір лауреатқа Альфред Нобель бейнеленген және тиісті жазба ойып жазылған алтын медаль мен ақшалай сыйлық табыстауы тиіс".

Физика, химия, әдебиет, физиология мен медицина сыйлығының медалдарының жобасын швед сәулетшісі әрі гравері Эрик Линдберг жасады. Бейбітшілік сыйлығының медалын норвегиялық сәулетші Густав Вигеланд, ал экономика бойынша медалды Гунвор Свенссон-Лундквист жасаған.

Физика, химия, әдебиет, физиология мен медицина медалының хас бетінде Альфред Нобелдің портреті мен туылған және қайтыс болған жылдары - MDCCCXXXIII–MDCCCXCVI деген рим цифрларымен бейнеленген. Бейбітшілік сыйлығы мен экономика медалындағы Нобель портреттері бір-бірінен өзгешелеу. Физика, химия, әдебиет, физиология мен медицина медалының сыртқы бетіндегі басты жазбада: "Inventas vitam juvat excoluisse per artes" (Өнертабыс өмірді жақсартады, ал өнер – әсемдікке бөлейді), -деп жазылған, ал оның кескіні Нобель сыйлығымен марапаттайтын мекеменің символына орай өзгереді. Бейбітшілік сыйлығы медалының реверсінен мына жазбаны: "Pro pace et fraternitate gentium" ("Бейбітшілік пен бауырластық үшін") көруге болады. Экономика жөніндегі медалдың сыртқы бетінде ешқандай цитата жоқ.

1980 жылға дейін әрбір "швед" медалы шамамен 200 грамм тартатын, оның диаметрі 66 мм және олар 23-караттық алтыннан жасалатын. 1980 жылдан кейін олар 18 каратттық жасыл алтыннан жасалып, 24-караттық алтынмен қапталатын болды.

Бүгінгі күні "швед" медалдары Эскилстундегі швед Монеттік сарайында, ал бейбітшілік сыйлығының медалдары – норвегиялық Конгсбергтегі Королдік Монеттік сарайда жасалады.

1902 жылдан бастап Нобель медалдары бірыңғай дизайнға ие болды.

Барлық “шведтік” Нобель медалдарында лауреаттың аты-жөні реверсте толық көрінетіндей етіп ойылып жазылатын, ал бейбітшілік пен экономика сыйлығы лауреаттарының аттары медаль шетіне жазылғандықтан, онша жақсы байқала бермейтін. Міне осы жағдай экономика жөніндегі 1975 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары: КСРО азаматы Леонид Канторович пен америкалық Тьяллинг Кулманстың медалдарының ауысып кетуіне әкеліп соқты. Олар еліне басқа медалмен қайтқан. Бұл кезде осы елдер қырғиқабақ соғыс жағдайында болғандықтан, олар өз медалдарын төрт жылғы ұзақ дипломатиялық күш салудан кейін ғана қайтарып алды.

Ұлы Отан соғысы кезінде физика саласы бойынша лауреат атанған немістер Макс фон Лауэ (1914) мен Джеймс Франктың (1925) және дат Нильс Бордың (1922) Нобель медалдарымен қызық жағдай болыпты. Копенгагендегі Бордың Теориялық физика Институты 1933 жылдан бастап ұлты еврей неміс физиктері Макс фон Лауэ мен Джеймс Франкке баспана болған екен. Олар неміс үкіметінің тінтуінен қашып, Нобель медалдарын Данияда қалдырған болатын. 1940 жылы Дания жаулап алынған соң, Борды медалдың тағдыры алаңдата бастайды.

Гитлерлік Германияда алтынды шетелге шығару өте қатты заң бузушылыққа жататын. Лауреаттардың есімі медалдарға ойып жазылғандықтан, оларды анықтау соншалықты қиын емес, ал оның салдары ауыр еді. Сол институтта істейтін ұлты еврей, венгриялық химик (1943 ж.химия саласы бойынша Нобель лауреаты) Дьёрдя де Хевеши сол кездегі жағдайды былайша еске түсіреді.

“Мен медалды жасыруды ұсындым, бірақ медаль табылуы мүмкін деп, Бор ол идеяны ұнатпады. Мен оларды ерітуді шештім. Басып алушы әскерлер Копенгаген көшелерімен жүріп жатқанда, Джеймс Франк пен Макс фон Лауэ-нің медалдарын ерітіп жаттым. Соғыстан соң Нобель қоры Лауэ мен Франкке жаңа медалды ықласпен сыйға тартты.” Соғыстан кейін Хевеши Лауэ-ге - медалдарды еріту қиын болғанын, нацистердің Бор институтын өте мұқият тінткенін, бірақ ешнәрсе таба алмағанын, медалдар соғыстың аяқталуын патша арағының ішінде күтіп алғанын,- жазады.

Хевешидің жазбасында Бордың Нобель медалі жайлы сөз жоқ. Алайда Бордың Копенгагендегі мұражайының құжаттары Нильс Бордың медалі, 1920 жылғы физиология және медицина жөніндегі Дат лауреаты Август Крогтың медалі сияқты 1940 жылы 12 наурызда өткізілген Финляндияға көмек Қорының аукционына жұмсалғанын көрсетеді. Медалдар белгісіз біреулер арқылы сатып алынып, Данияның тарихи мұражайына тапсырылыпты, олар осы күнге дейін сонда сақталып тұр.

Әдебиет жөніндегі Нобель медалында лавр астында муза әндерін есі кете тыңдап және оны жазып отырған жас жігіт бейнеленген.

Медалдағы жазба былай дейді: "Inventas vitam juvat excoluisse per artes" (Өнертабыс өмірді жақсартады, ал өнер – әсемдікке бөлейді). 
Онда тағы да Вергилияның "Энеидасынан"(662-663 өлең. 6 әні): Фебаға лайықты сөздер айтқан пайғамбарларға, Пенделер үшін өнер жасап, өмірді көркейткендерге...,-деген сөздер бар.  Пластинкадағы муза мен ақын бейнесінің астында лауреаттың аты-жөні және "ACAD. SUEC". ("Швед Академиясы") мәтіні ойып жазылған.

Әдебиет жөніндегі Нобель сыйлығының медалын гравер Эрик Линдберг жасаған.

Физиология мен медицина жөніндегі Нобель медалында тізесінде ашылған кітапты ұстаған және науқас қыздың шөлін басу үшін жартастан аққан су тамшысын жинаған медицина ғұламасы бейнеленген.

Медалдағы жазба былай дейді: "Inventas vitam juvat excoluisse per artes" (Өнертабыс өмірді жақсартады, ал өнер – әсемдікке бөлейді). 
Онда тағы да Вергилияның "Энеидасынан"(662-663 өлең. 6 әні): Фебаға лайықты сөздер айтқан пайғамбарларға, Пенделер үшін өнер жасап, өмірді көркейткендерге...,-деген сөздер бар. Пластинкадағы медицина Ғұламасы мен қыздың бейнесінің астында лауреаттың аты-жөні және "REG. UNIVERSITAS MED. CHIR. CAROL.". ("Каролин Институтының Нобелдік ассамблеясы ") мәтіні ойып жазылған.

Физиология мен медицина жөніндегі Нобель сыйлығының медалын гравер Эрик Линдберг жасаған.

Бейбітшілік жөніндегі Нобель медалындағы Альфред Нобель бейнесі басқа медалдардағы портретінен сәл өзгешелеу. Медалдың сыртқы бетінде дөңгелене құшақтасып тұрған үш ер адам бейнеленген. Медалдағы жазба былай дейді: "Pro pace et fraternitate gentium". ("Бейбітшілік пен бауырластық үшін").

Медалдың шетіне "Prix Nobel de la Paix" ("Нобельдік бейбітшілік сыйлығы") және тапсырылған жылы мен лауреаттың аты-жөні ойып жазылған.

Нобельдік бейбітшілік сыйлығының медалын Густав Фигеланд жасаған.

Физика және химия жөніндегі Нобель медалдарында(екеуі бірдей) қолында Молшылық Мүйізін ұстап, бұлттан пайда болған Табиғат құдай-анасы бейнеленген. Жанында тұрған Ғылым Ғұламасы, Табиғат құдай-ананың басын көмкерген шәлісінің шетінен ашып тұр. Медалдағы жазба былай дейді: "Inventas vitam juvat excoluisse per artes" (Өнертабыс өмірді жақсартады, ал өнер – әсемдікке бөлейді). Онда тағы да Вергилияның "Энеидасынан"(662-663 өлең. 6 әні): Фебаға лайықты сөздер айтқан пайғамбарларға, Пенделер үшін өнер жасап, өмірді көркейткендерге...,-деген сөздер бар.  Пластинкадағы Ғылым ғұламасы мен Табиғат құдай-ана бейнесінің астында лауреаттың аты-жөні және "REG. ACAD. SCIENT. SUEC." ("Королдік швед Ғылым Академиясы") мәтіні ойып жазылған.

Физика мен химия жөніндегі Нобель сыйлығының медалдарын гравер Эрик Линдберг жасаған

Экономика жөніндегі Нобель медалының аверсінде Альфред Нобельдің қырын қараған портреті және оның астында қиылысқан Молшылық Мүйіздері бейнеленген. Аверсте тағы да "Sveriges Riksbank till Alfred Nobels Minne 1968" ("Альфред Нобель құрметіне арналған Мемлекеттік Швед банкі 1968") жазуын көресіз.

Медалдың сыртқы бетінде Темірқазық жұлдызы, үш кіші және бір үлкен Тәж түріндегі Королдік швед Ғылым Академиясының эмблемасы бейнеленген. Медаль реверсіндегі жазба былай дейді: "Kungliga Vetenskaps Akademien"("Королдік швед Ғылым Академиясы").  Экономика жөніндегі Нобель медалын Гунвор Свенссон-Лундквист жасаған.

Қызықты деректер 25.06.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы