Лингвистика: Ликсокография (сөздік жасалуына жауап беретін сала)

Ликсокография (еж. грек тілінде «lexikon» — «сөздік» және «grapho» — «жазамын») – сөздік құрап, сөздердің семантикалық құрылымын, ерекшеліктері мен олардың түсіндірілуін зерттейтін лингвистика саласы. Лексикографияда зерттеу объектіні, яғни сөзді нысанға алып, сол сөздің жылдар бойы өзгеріске түсіп, қазіргі қолданыстағы түпкі мағынасы мен дыбысталу айырмашылықтарын анықтап, оларды сөздікке жүйелеумен іске асырылады.

Лексикография

Сөздіктердің пайда болуы мен жасалуы практикалық және теориялық лексикография болып екіге бөлінеді.

Практикалық лексикография ана тіліне, не өзге тілдерге үйрету, түсіндірмелі сөздікпен іске асатын тіл сипаттамасын жүйелендіру, екі тіл арасындағы байланыстарды анықтау, тарихи, көнерген, өлі тілдегі сөздерді зерттеу секілді функцияларды атқарады.

Әр елдің тілді зерттеу тәжірибесі әртүрлі болғандықтан, ғалымдар практикалық лексикографияның барлығына ортақ кезеңдерін былай көрсетеді:

Сөздікке дейінгі кезең. Негізгі функциясы – жиі қолданбайтын сөздерге түсініктеме беру. Оған Шумер, Қытай, Батыс Еуропада біздің заманымызға дейін қалыптасқан глостардан, яғни сөз анықтамалары мен түсіндірмелерінен тұратын глоссарий жатады. 

Алғашқы сөздік кезеңі. Негізі функциясы – екі тілдегі айырмашылықтарды айқындау, әдеби тілді зерттеу. Оған Х ғасырдағы ежелгі грек тілінің, VI-VIII ғасырлар аралығында санскриттің біртілді лексикондары жатады. ХІ ғасырда пассивті сөздіктерді жасау үрдісі ағылшын-латын сөздігінен бастау алады. Ал активті сөздіктер тізімін XVI ғасырда француз-латын сөздігі алғашқы болып тұр. Алғашқы түсіндірмелі сөздіктер иероглиф жазбалы елдерде: Қытайда б.з.д. ІІІ, Жапонияда VIII ғасырда пайда болды. 

Дамыған лексикография кезеңі. Негізгі функциясы – тілдегі сөздерді сипаттау мен түсіндіру, қоғамның тіл мәдениетін көтеру, филологиялық қауымдастық пен мемлекеттік академиялармен құрылатын түсіндірмелі сөздіктер жасау. Зерттеу нысанының кеңеюінен синонимдік, фразеологиялық, терминологиялық, орфографиялық, грамматикалық сөздіктер пайда болды. 

Ал лексикографияның теориялық тәсілі XX ғасырдың ІІ жартысында қалыптасты. Алғашқы ғылыми-теориялық сөздіктің үлгісі болып ғалым Л.В. Щербтің 1940 жылы шыққан сөздігі саналады. Кейіннен бұл әдіс Франция, АҚШ ғалымдарының еңбегі арқылы қарқынды дамыды. 

Теориялық лексикография жалпы һәм жаңа сөздіктердің жасалуымен, сөздіктердің макроқұрылымында сөздердің орналасуын, омонимдер ерекшеленуін, ал сөздер микроқұрылымында сөзге айқындаушы фонетикалық, не грамматикалық ерекшеліктер берумен айналысады.

Ғылым 23.06.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы