Инстаграм дегеніміз не? Лайк басу заманы

Инстаграм дегеніміз - өз өміріңді достармен, отбасы мүшелеріңмен бөлісудің әдемі, жылдам және қызықты тәсілі. 
Сурет, видео жасап оны дұрыс көркемдеп Инстаграмға салу бұл сондай қарапайым. Сіз тіпті Фейсбукте, Твиттерде, Tumblr-де  бөлісе де аласыз. Бұл әлемге жаңаша көзқараспен қарау.

Басқа әлеуметтік желілерге қарағанда ең оңайы осы инстаграм. Суретке түсіресің, өңдейсің, сәндейсің, жазасың, жариялайсың. Сосын лайк басасың, пікір қалдырасың. Болды, басқа ештеңе істемейсің, мұнда. Твиттер мен Фейзбукқа жазғандай, инстаграмға саяси салмағы бар постжариялап, қоғамға ой тастай алмайсың. Тек сурет салумен айналысасың. 

интаграм,instagram

Ең оңай әлеуметтік желі болған соң сауаттысы да сауатсызы да қазір инстаграмды қолданады. Әнші, ақын, жазушы, журналист, биші, күйші, спортшы, мұғалім, оқушы, студент, депутат, кәсіпкер, бәрінің аккаунты бар. Дәл осы жерден тақырыпты бірден өнер адамдарына бұрсам. Өйткені бар қызық солардың парақшаларында.

Өнер адамдары не ішті, не көрді, не естіді, кіммен жолықты, қайда барды, қайдан келді, сағат қаншада жатты, салмағы қанша, қанша келіге азды, қандай ән жаздырып, қандай бейнебаян түсірді, жатар алдында киетін киімі қандай, қанша баласы бар, үйі қанша бөлме екенін қазір инстаграмда отырып-ақ біліп отырасыз.

Ұялы телефондар 10.01.2015 жариялады
115,813 сұрақ
293,586 жауап
152,782 пікір
59,704 қолданушы