Cloud Storage, түрлері, баламалары

Ассалаумағалейкум, СЖ юзерлері

Сайтта Блог жұмысын бастаған екен, ақ жол тілеймін!

Осы блогтың контенті сапасының артуына өз үлесімді қосайын.

Baylanyshy «Интернет қолданушы үшін» санатында Dropbox жайлы әңгіме қозғапты, соны ары қарай жалғастырайын.

Dropboxты Қазақша Уикипедияда бұлттық дерек қоймасы деп сипаттаған екен. Ағылшынның Cloud storage сөзінен аударылған.

  • Cloud storage – онлайн қойма моделі. Файлды жоғалтудан сақтандыру үшін бірнеше (мың)серверлерде (бөліп) сақтау. Әрине ол онлайн қойма болғандықтан файлдарыңызды кез-келген интернет қолжетімді жерде алып қолдансаңыз болады. Бұл қалай ұйымдастырылған, архитектурасы, орнатылған ОЖ мен бағдарламалар қандай екеніне бас ауыртпай-ақ қояйық. Одан да қазір нарықта қандай ұсыныстар барын білейік.
  • Бұл пунктті кесте түрінде келтірейін. Ескерту: бұл кестеде барлық онлайн қойма сервистері емес, тек менің көзқарасым бойынша айта кетуге тұрарлық сервистер. Кесте мынадай тізбектерден тұрады
  1. Атауы – толық немесе танымал атауы
  2. Жұмыс бастаған жылы
  3. Иегері мен іргесін қалаушы
  4. Тегін беретін орын мөлшері

 

Атауы

Жылы Иегері Тегін
Amazon S3 2006 Amazon 5
OneDrive 2007 Microsoft 15
Dropbox 2008 Dropbox ~5
Ubuntu One 2009 Canonical 5
Icloud 2011 Apple 5
Google Drive 2012 Google 15
Яндекс.Диск 2012 Яндекс >3
Облако@mail.ru 2013 Mail.Ru Group 25

Амазонды жай қолданушыға қарағанда интернетте бизнесін жүргізетін адамдар (өздерінің коммерциялық тауарларын сақтауға) мен компаниялар (Амазон серверлерін пайдаланып жай қолданушыларға арналған сервистер ашу) жақсы қолданады.

Dropbox осы саланы қозғалтқан сервис. Өзім қолданам. Appleге 800 миллионға сатылмады.

OneDrive бұрын SkyDrive одан бұрын LievMesh Microsoftтың көптен қалмау үшін жасаған әрекеті

Одан кейінгілерінің тірлігі (Microsft та осылар қатарында) өз сервистеріне қосымша сервис (яғни сабж) қосу арқылы жай қолданушыларды тарту (немесе ұстап қалу).

Тегін беретін орынды кеңейтудің көптеген әдістері бар. Оларды кейінірек, Сіздердің тілектеріңізе қарай жаза жатармын. Қазір орнатудағы егжей-тегжейлерді айта өтсек

  • Орнатуда ешқандай жаңалық жоқ. Бағдарламаның өзі бір жаққа, сақталатын файлдар өзіңізге ыңғайлы бір жаққа көшірілсе болды. Бұл жерде бастысы, артық бағдарламаларды орнатпау үшін, мұқият болып қажетсіз қанат белгілерін алып тастау керек. Болмаса компьютер қосылғанда автозагрузкада сақталып, қосылу уақытын ұзартады.
  • Балама технологиялар. Бұл жерде енді не сақтағаныңызға қарай. Суреттерді кез-келген әлеуметтік желіде еш қиындықсыз сақтайсыз. Аудиоға Вконтакте жарап тұр. Видеоға YouTube дегендей. Басқа файлдар хабарламаға тіркеме ретінде ВКонтактеде және қазір жақсы аяққа тұрып келе жатқан Telegramға сақтауға болады. Соңғысы жайлы толығырақ айта кетсем. 1 GB-қа дейін файлдар тіркеледі. Яғни бір файлдың өзі 1 Gb дейін болса, ондай файлдардың шексіз көлемін тіркей бересіз. Қабылдайтын жақтың акаунты өзіңіздікі болса болды. Қосымша акаунт ашып, файлдарымды хабарламаға тіркеме қылып жіберіп, автоматтандырылған синхрондаудан не үшін бас тартуым керек десеңіз – қауіпсіздік қызмет қызметкерлерінен жасырарыңыз болса, жоғарыда аталған онлайн қойма сервистері сіз үшін емес. Мынандай қолдарға түсіп қалуыңыз мүмкін.

Кондолиза Райс - Dropbox директорлар кеңесі мүшесі 

  • Telegramға қосылатын тағы бір сервис. Бірақ мессенджер және онлайн қойма емес. Өте үлкен файлдар мен максималды жоғары жылдамдық. Барлығы шифрленген. Бұл Bittorent Sync. Яғни бір адам 5 Gb кинофильмді шифрлеп кілтін керек адамдарға береді, олар таратушының компьютері қосулы тұрған уақытта файлды көшіріп алса болады. Торрент сияқты. Бірақ торрент-файлдың орнына кілтті пайдаланған ыңғайлы. Егер папканы шифрлеп кілтін берсеңіз, сіздің компьютеріңіздегі папкадағы өзгерістер қабылдаушының компьютерінде де болады.

Мұның бәрі онлайн болғандықтан интернет арқылы жұмыс істейді. Бірақ егер сіздің ауылда интернет түгілі электр қуатымен мәселелер болса бұның Сізге аса пайдасы тимейді.

Әзірге осы, қосып-аларыңыз немесе ескертулеріңіз болса коммент пен ЖХ арқылы жүгініңіз.

Интернет қолданушы үшін 13.01.2015 жариялады

3 пікір

Рахмет Санжар. Жақсы жазба. Кондолиза Райс-тің суретін сайттың жүктеу мүмкіншіліг арқылы сайтқа жүктесең болашақта, сурет өшіп кетпеуіне мен кепілдік беремін. :)

Айтқанда кезінде арнайы акция болған кезде мен mail.ru-дың бұлтты жүйесін акция кезінде тіркеп алған едім. Бірақ қолданып жатқаным шамалы. 1 ТБ орын жатыр.

Есесіне Google Drive жақсы қолданамын. Android ОЖ жақсы байланыстырып қойған. Драйвта бар құжатты ұялы телефона арқылы қолдана беруге болады.
Dropbox жақсы, басында 2гб береді, оны 50 етіп алуға болады, ,телефонға басып қойғанмын, фото-видеолар автоматты түрде қосыла береді, оны өшіруге де болады, Жалпы жақсы нәрсе
Жарайды,

Mail.Ru-дын терабайтын қолдану ойда болған, бірақ кейін ойланып, сенімсіздік білдірдім, Mail.Ru Groupта казір 3 әлеуметтік желі (ВК ОК ММ) бар, оларда аудио мен видео бар(улкен нагрузка), плюс барі гос.службанын колында. 1 ТБ файлдарымды жогалтса катты киналармын, Договорларында да жогалса жауап бермейміз деген, жауап беретін болса да олардан жауап алам дегенше

Dropbox та жаксы байланыстырылган емес пе, айтеуір менін смартфонымда default приложение боп тур. Driveті колданбаган себебім Googleдын бір жаман адеті бар, сервис жаксы дами алмай жатса, жауып тастайтын, соган туспейін дедім
115,820 сұрақ
293,609 жауап
152,783 пікір
59,728 қолданушы