Кешке үй жаққа кел...

Әр адам өмірді өзінше пайымдайды. Өзінше өлшеп, өзінше кеседі. Бір сөзбен айтқанда бәрін "ӨЗІНШЕ" жасайды. Ал кетсе сағынатын, кездесуге асығатын аңғалдау, ашық-жарқын бір досым бар. "Сағындырған 25, табындырған 25" - деп достары жүр. Ал өзі мүлде олай ойламайды. "Тұр-тұрдан хабар келсе, ұйқыдан маза қашады" - деуші ма ед..? Қателеспесем солай. Сонымен не керек "жоғары" жақтан "үйлен" деген бұйрық түседі. "Үйлену тұрмақ, көшеде қол ұстасып жүретін қызым жоқ" - деп, жарықтық безек қағады. Жеңгелері: "біз табамыз. Бір қайнымды үйлендіруге қыз таппасам "Жеңге" болғаным қайда қалады?" - деп араша түсіп жүріп, үйінен алып шығады досымды. Жеңгелер айтқан қыздың бәрін болмаса да, 100%-дан 60-70%-ын  қарап шығады. Көңілге қонбаған соң не шара? Сонымен сол да қалды. Ендігі жеңгелер мен қыздардан тығылатын дәрежеге жеткен.

Көшеде келе жатып, орындықта отырған бір қызды жолықтырады. Әдеміше келген арудың жанарында мұң болғанымен, жүрегі қуанып отыр екен. Әйтеуір, досым сол қыздың жанына жайғасыпты. Шынында байқамай қалса керек, (мүмкін әдейі) телефонын құлатып алады сұлу. Жігіт алып бермекке ниеттенсе керек, қыз: - Қажет емес, - дейтін көрінеді. Мұнысы жігітті қызықтыра түсіп, сөзге тартады. Бір  шама уақыт өткен соң, жігіт: - Сіздің жылағыңыз келіп отырды ма жаңа? - деп тосыннан сұрақ қояды қызға. Тұтқиылдан қойылған сауалға тосылып қалған қыз не дереін білмей абырдып тұрған қалпы: - Жоқ. Негізі қуанып отырғанмын. Себебі, Жеңгем бір жігітпен таныс деп қоймай жүрген. Бағыма орай ол жігіт не жынданған, не басқа, әйтеуір қашып кетіпті. Шамасы суретті көрген де дереу бас тартқан. Мен де онымен танысуға құштар емес ем. - деп сөзін аяқтаған. - Қарындас Сол жігітпен тағдырымыз ұқсас екен. Мен де қашып жүрмін. - депті күліп досым. Сонда қыз: - Міне, мынау менің үйім. Кешке үй жаққа келіңіз. - деп, қолына бір жапырақ қағазды ұстатып кетіпті. Қараса өзінің суреті. Суреттің артқы жағына: "Кешір. Тағдырым берген сыйдан бас тарта алмаймын. Танысудың сәті түспей жүрген, Енді қашып кетеуіңе жол бере алмаймын. Кешке үй жаққа кел. Терезеге қара." - деген жазуды оқиды. Басын көтеріп терезеге қараса, жеңгесімен әлгі ару қол бұлғап қарап тұр. Сондағы досымның айтқаны "негізі өмір - қызық".

Ақ парақтағы ойлар 2.06.2015 жариялады

4 пікір

Өте жақсы оқиға екен. Бір деммен оқып шықтым. Мен де мына сөзбен келісемін: "негізі өмір - қызық" :)

))) шынында да өмір қызық )))
Маған да осылай тауып бере қоятын жеңге болса ғой..)
.үүүү темммеекі түтіні келіп тұр алдымаа, келіп тұр алдымааа күн батып жатқандаа, терезе алдында отырмын бір өзім кітап оқып осы Оқиға жайлы!
116,025 сұрақ
294,324 жауап
152,839 пікір
60,310 қолданушы