Органикалық химия

Органикалық химия

Сіз осы мақаланы оқып жатқанда, сіздің көздеріңіз ретиналь деген органикалық қосылыстың көмегімен жарық энергиясын жүйке импульсіне айналдырып жатыр. Сіз ыңғайлы позада отырған кезде, сіздің арқа бұлшық еттеріңіздің кеудеңізді дұрыс ұстауы - глюкозаның химиялық ыдырауынан шығатын қажетті энергияның нәтижесінде болады. Жүйке жасушаларының арасындағы бос орын медиатор деген органикалық қосылыстармен толтырылған. Бұның барлығы органикалық химияның және оның қосылыстарының адам өміріндегі маңызын көрсетеді.

Органикалық химия - химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзетін органикалық қосылыстарын зерттейтін саласы. Органикалық химия табиғи қосылыстарды зерттеп қана қоймай, жаңа қосылыстарды, материяларды, құрылымдарды жасауға мүмкіндік береді. Оның мұндай ерекшелегі адамзатқа полимерлерді, бояғыш затарды, жаңа дәрі-дәрмектерді, косметикалық заттарды сыйлады. Бүгінгі күні органикалық қосылыстардың 27 млн астам түрі белгілі.

Органикалық химия туралы қызықты фактілер.

Бізді қоршаған заттардың барлығы дерлік органикалық қосылыстардан жасалған. Мысалы, біз ақуыздардан тұрамыз, ақуыздар -аминқышқылдарының жиынтығы, ал аминқышқылдары - органикалық қосылыстардың қарапайым өкілдері. Органикалық қосылыстардың табиғи қайнар көзі - эфир майлары (ментол, цис-жасмон (жасмин гүлдерінің иісі)). 
19 ғасырда химиялық өнеркәсіпте шикізат ретінде көмір қолданылған. Себебі, көмірді құрғақ айдау арқылы алынған кокс газы мен тас көмір шайыры ароматты карбоциклді және гетероциклді қосылыстарға (бензол, фенол, анилин, тиофен, пиридин) өте бай.

Бүгінгі күні де энергияның көзі болып табылатын мұнай көмірсутектердің қоспасы болып табылады. Оның құрамындағы метан, этан, пропан, этилен, пропилен, бутадиен сияқты парафинді және ароматты көмірсутектер - синтетикалық талшықтар, пластмасс, бояғыштар және т.б. өндірудегі басты шикізаттар.

Дәрі-дәрмек шығару
Органикалық химияның өте маңызды және кең сұранысқа ие бағыттарының бірі - дәрі -дәрмек саласы. Көптеген синтеткалық дәрілер органикалық қосылыстардан тұрады. Мысалы, "аспиринді" 1853 ж неміс ғалымы Ш. Герхард салицил қышқылы мен сірке ангидридінің көмегімен алды. Жоғарыда айтылып кеткен фенол күшті антисептикалық әсерге ие.

Агроөнеркәсіптегі органикалық химия
Көптеген органикалық қосылыстар агроөнеркәсібінде кең қолданылады. Мысалы, пиретроидтар (органикалық қосылыс) жәндіктерді жою үшін қолданылады. Оның құрылымының басты фрагменті циклопропан сақинасы болып табылады. Агрохимия - органикалық химиямен байланысты өте маңызды сала. Бұл салада өсімдіктерді ауырлардан сақтайтын фунгицид сияқты препараттарды қарастыра аламыз. Мұндай қосылыстар құрамында триазоль цикліне ұқсас гетероциклді қосылытар кездеседі.

Органикалық электроника
Көбіне "электр қуаты міндетті түрде металдармен байланысты процесс" деген ой қалыптасып кеткен. Алайда, құрылымдық физикалық негіз ретінде органикалық молекуларды қолданатын органикалық элекроника қарқынды дамуда. Бұл жерде күн батареяларында қолданылатын сәуле шығаратын диодтар туралы айта аламыз. Мысалы, заманауи теледидарларда OLED-дисплей (organic light-emitting devices)кеіңнен қолданылады. Ұялы телефондар дисплейінің құрамындағы сұйық кристалды заттар да органикалық қосылыстар - полимерлер болып табылады.

Қызықты деректер 2.06.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы