Олимпиададан бас жүлдеге ие болған алғашқы Қазақ - Жақсылық Үшкемпіров

Жақсылық Әмірұлы Үшкемпіров

1980 жылғы Мәскеуде өткен 23 Олимпиада ойындарының 48 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесі бойынша грек-рим күресінің жеңімпазы;

1980 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері;
1981 жылғы әлем чемпионы;

1982 жылғы әлем кубогының күміс жүлдегері – Жақсылық Әмірұлы Үшкемпіров.

Жақсылық Әмірұлы Үшкемпіров

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Тегістік ауылында 1951 жылы 6 мамырда дүниеге келген. Оқуын аяқтап, Семей институтына оқуға түседі. «Егер, еркін күрестен қарсыласыңды жеңсең, шаңғы спортынан сынақтан өтесің»,- деп ұстазы шарт қойған. Шартты орындап, қарсыласын жеңіп, содан кейін ғана үздіксіз жаттығу залына барып тұрған. 2 жыл жаттығудың нәтижесінде 1971 жылы Қазақ КСР чемпионатында жеңіске жетеді. 1973 жылы елдің біріншілігінде күміс жүлдеге ие болып, КСРО олимпиадаға қатысушылар құрамасына мүше болды.

Олимпиада ойындарының алғашқы айналымында әлем және Еуропа чемпионы Константин Александрге қарсы шығып, 6:2 нәтижесімен жеңіп шығады. Екінші айналымда Роман Керпачка қарсы түсіп, алғашқы периодында 11:0, екінші периодында 11:4, үшінші периодта 11:10 болған. «Сол уақытта айналамдағы қазақ, польша тренерлерінің барлығы шулап кетті. Олардың арасынан Шәміл Серіковтың кілем жанына келіп қазақша «Лақтырма!, Айналдыр!, Жәке жеңіп таста, айналдыр!» деп айқайлағанын естідім», - дейді. Осы ақылдың арқасында 13:10 көрсеткішімен жеңеді. Үшінші айналымда Ференц Серешпен түсіп, 17:6 нәтижесін көрсетті. Соңғы айналымда Павел Христовпен кездесіп, 12:7 болып, жеңіске айқын басымдықпен жеткен.

Өзінің күрес техникасы туралы айтуды сұрағанда: «Менде ешқандай арнайы техника жоқ. Менің қаруым шапшаңдық! Жақсы демалып тұрдым, қарсыластарым болса шыдамай шаршап калып жатты», - дейді.

Еңбекқор адамдардың ұлы шыдамдылығы ұлы жеңістерге әкеледі!

Қазақстан тарихы 2.06.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы