Блог тарихы мен функциясы. Блог деген не?

Блог

Блог (ағыл. blog, от web log — оқиғалардың онлайн-журналы, интернет-күнделік.) – ХХ ғасырдың соңында қалыптасқан, кері хронология бойынша, яғни соңғы жазба үстіне шығып отыруымен ерекшеленетін, мәтіннен, сурет немесе мультимедиадан тұратын жазбалар.

Блогтың дәстүрлі күнделіктен айырмашылығы - жазбаның жұртшылық назарына ұсынылып, оқырмандарымен жария түрде пікір алмаса алу мүмкіндігінде. Ұдайы оқырмандармен қысқа әрі ақпаратқа толы жазбалармен бөлісіп отыратын адамдарды «блогер», ал желідегі барлық блогтар жүйесін «блогсфера» деп атайды.

Алғашқы блог болып 1992 жылдан бастап жаңалықтар жариялап отырған Тим Бернес-Лидің парақшасы есептеледі. 1996 жылы блог жазу дами бастады да, 1999 жылы санфранцисколық «Pyra Labs» компьютер компаниясы алғашқы тегін блогплатформалы Blogger.comсайтын ашты. 

Жалпы, блог жазу қажеттілігі артқан сайын оның қамту аймағы арта түсті. Бүгінде саяси тұлғалар арасында халықты шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін блог жазу үрдісі байқалады. Журналист Алан Волф «Нью-Йорк Таймс» газетінде жарық көрген саяси блогтар жайлы мақаласында: «Блогтың арқасында саясат әлемдік деңгейге көтеріліп жатыр», - деген болатын. Әр түрлі функцияларға ие бұл жазбаларды жазу арқылы өзіңіздің, компанияның, не белгілі бір тауардың имиджін қалыптастыруға болады. 2005 жылы «Живой журналдың» блогерлері арасында жүргізген сауалнамасында аталған, қазірге дейін өзінің құндылығын жоғалтпаған блог атқаратын бес маңызды функцияны айта кетейік.

1. Коммуникативті функция – аталған функцияның аумағы көбіне достардың, я көзқарасы ортақ адамдардың бір-бірімен жазба, не комментпен пікір алмасып, уақыттарын қызықты өткізу мақсатында жазылатын блогтарынан байқалады, ал бұл сізге сізге жаңа таныстар тауып, қарым-қатынас жасайтын ортаңыздың арта түсуіне үлес қосады.

2. Өзін-өзі таныту функциясы – бүгінде қазақ блогсферасында қызықты жазбаларымен аты шығып, желі қолданушыларының қолдауына ие болып жатқан танымал блогерлер жоқ емес. Олардың бірі өз саласындағы өзекті мәселелерді қозғаса, бірі өзінің әдеби шығармаларымен ғаламторды «шулатып» жатады. Расында, блог – дұрыс қолдана білген адамға таптырмас құрал.

3. Көңіл көтеру функциясы – сауалнамада осы функцияны көрсеткен адамдардың уақыты тым көп болғандықтан блогтар жазып, пікір алмасумен өткізетінін, не шынайы өмірде араласу үшін уақыты тым аз екенін айтқан, яғни блог жазудың бұл функциясы уақытты өткізу үшін де, үнемдеу үшін өте қолайлы.

4. Мемуар функциясы – дәстүрлі күнделік секілді блогты да болған жері жайлы немесе өмірінде болған қандай да бір маңызды оқиғамен бөлісіп, әрі кейін өзі де іздеп оқуға қиындық тудырмайтын құрал ретінде пайдаланатын блогерлер бар.

5. Тауарлар мен қызметтер ұсыну функция – соңғы уақытта желіде маңызы жоғарылаған, өзіңіз өндіретін тауардың нарықтағы сұранысын арттырып, сатылымын еселеу үшін қолданылатын функция. Блогсферада танымалдылыққа ие болған қолданушылар осы функцияны ұтымды пайдалануда.

Интернет қолданушы үшін 2.06.2015 жариялады

1 пікір

Сілтемесін қоймасаңдар да тым болмаса көшіріп аларда толық етіп көшірсеңдерші. Мына жазба иесі сені сотқа беруіне болады ғой, жартысы ттүспеген, түсініксіз былық.
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,459 қолданушы