Магнетоспининг әдісі - Наноталшықтар алу

наноталшықтар

Джорджия Университетінің зерттеушілері Принстон мен Оксфордтағы әріптестерімен бірлесе отырып, ультра жіңішке полимер жіптерін - наноталшықтар алудың жаңа әдісін ойлап тапты.

Магнетоспининг деп аталатын бұл әдіс іске асырылу жағынан өте оңай. Жеңілдігіне қарамастан, магнетоспининг шаштан да жіңішке наноталшықтардың үлкен көлемін алуға мүмкіндік береді.

Әдіс былайша орындалады: полимер ерітіндісі магниттік бөлшектермен, мысалы темір оксидімен араластырылып, шприц арқылы тамшылап, магнитке жіберіледі. Ол магнит минутына 5-тен 5000-ға дейін айналым жасайтын бекіткішке орнатылған. Тамшыны жіберер кезде магнит барынша алыста орналасуы қажет. Магнит тамшыға жақындағанда, тамшы магнитке тартылады. Магнит айналымын тоқтатпай, келесі тамшыларлар жіберіледі. Осылай магнит пен ине арасында сұйык полимерлік көпір пайда болады. Көпірдің диаметрі біртіндеп нанометрлік мөлшерге дейін азаяды да, ерікіш буланып, наноталшық қалыптасады. Магнит минутына 1000 айналым жасаса, бұл әдіс 5 минут ішінде 50 км жоғары сапалы наноталшық алуға мүмкіндің береді. 

Қазіргі уақытта наноталшық алудың ең танымал әдісі – электроспининг – жоғары керену қатысында талшықты полимер ерітіндісінен бөліп алу. Электроспинингтің негізгі кемшілігі – тефлон сияқты диэлектрлік өтімділігі төмен полимер ерітінділерін қолдану мүмкін емес. Сонымен қатар, бұл – қымбат әдіс. Электроспининг құралының құны 10000 доллар болса, магнетоспининг жүйесін 5 доллар тұратын мгнит, 30 доллардың электро қозғалтқыш пен шприц арқылы кұрып алуға болады.

Наноталшықтардан жасалған материалдар сүзгі (фильтр) жасауда, медицинада емдік заттарды тестілеп, оларды адам ағзасына жеткізуде кеңінен пайдаланылады. Магнетоспининг арқылы алынған наноталшықтар ағза жасушаларына зиян келтірмейтіні дәлелденді, сондықтан олар жасанды органдар өсіру үшін де қолданылады.

https://www.facebook.com/gylym

Қызықты деректер 2.06.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы