Блог деген-күнделік.Оған жазар кім келіп,Үлгі болса жақсы ғой,Ойыңды ашып,сыр шертіп………

Жүрегімнің түбіне терең бойла
Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла.
Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым,күнә қойма!
(Абай Құнанбаев)
Егер адамның сыр шертер жан досы,анасына н/е әкесіне  айтатын батылы болмаса,ол кімге барарын,кімге жыларын білмесе әдетте өз-өзін менің жанымда Аллах бар деп тоқтатады емес пе?
Пенде болған соң әр адамда арман болады.Қиялдайды.Тек армандап қиялдау қолынан келсе де сол арманына жету үшін қимыл жасамайды,еңбектенбейді.Жастайынан арманын мақсат қылып,оны жүзеге асыруға талпынса,сол арманға жетерме еді,бәлкім?!
Кішкентай кезімде ағам жүректің қалауына емес,ақылыңа жүгін,ақылың дұрыс жасайды,ал жүрек сезімтал келеді деуші еді.Сол,ақылыңа жүгінейің десең ақыл да жоқ қой!
Мына жалған дүниеде ұрыс-керіс,Ұлы ақынымыз Абай айтпақшы өсек,өтірік,мақтаншақтық,еріншектік болмаса,қазір қалай өмір сүріп жүрер едік.Талай адамдар жамандықтың кесірінен өзіне қол жұмсауда,бұлар болмаса тәп-тәтті өмірін қиып кетерме еді.Керісінше өмірден кеткісі келмейтін еді.Шайтанның азғыруына түскендер,бұл өмірдің рахатын көрсе,о дүниеде жамандық көреді.Жоқ,бұл дүниеде рахат жоқ,рахат жұмақ төрінде.Тек өмірдің рахаты арақ ішу,құмар ойын,ақша деп ойлайтындар нағыз рахатты көрмейді.Ал өмірдің рахаты күніне бес уақыт кездесіп тұратын намаз,сені рухани тазартатын ораза,көмек қолын созып көрсеткен сенің берген зекетің,Алланың хикметін көру деп ойлайтындар дұрыс ойлайды,нағыз рахат сол.Әм жұмаққа баратын жолмен келе жатқандар оның рахатын көреді.
Ертең,уақыт болғанда,кейінірек деген сөздердің жиі қолданылатынын байқадыңыз ба?Мен де байқадым,ол сөз адам аузынан түскен емес.Ол шайтанның тәп-тәтті сөздері ғой.Әрдайым құлағымызға келіп сыбырлап кетеді.Біз байқамаймыз,тек оның айтқандарын жасаймыз ау!Неге?  Себебі біз тозақты көрмедік,оны тыңдап тозаққа апаратын жолға түсіп кеттік(Алла сақтасын)
Қалай ойлайсыз,адамды Алланың қуыршағы дейді,бұл сөзге келісесіз бе?
Ал мен бұл сөзге келісе алмаймын.Себебі Аллах адамға жамандық жаса,қатыгездік көрсет демейді.Аллахтың өзі мейірімді.Біз қуыршақ емес,Аллахтың құлымыз.Пендеміз,Адам ата мен Хауа ананың ұрпағымыз.
Неге біз қатыгездік жасаймыз.Кейде сол барлық жаман атаулыны неге білдім деген кездеріңіз болды ма?Менде болады,неге тіпті жаман деген сөзді білдім деп өкінемін кейде)
Бұл өмірде бәрі жақсы болса,бәрі жұмаққа барар еді…)
Неге адамның аузынан Альхамдуллилях,СубХанналлах,ИншАллах,МаазАллах деген сөздердің орнына жаман  сөздер шығады?!Демек,бізді әбден азғырудың үстіне азғырумен болған шайтан аузымызды жауып тастайды.Біз өзіміз аша аламыз,себебі ауыз өзіміздікі,тек миға,жүрекке кірген шайтан ерік бермейді.
Біз тамақты ішеміз ғой,неге оны адамдар инстаграммға салады?Жоқ,әрине,салмасын демеймін)Алайда тамақты инстаграммға салуды ұмытпаймыз,тек неге тамақты ішерде бисмиллахты ұмытып кете береміз.Сол Аллахтың атымен бастаймын деген сөз тамақ ішуге кедергі жасай ма,әлде тамақ дәмсіз бола ма?Әрине,жоқ,олай емес.
Дәретханадан шығарда Гуфрәннәкка деп бір рет айттыңыз ба?Білмейсіз бе әлде айту керек екенін.Әттең.Мұсылман мұсылман ба,кәпір ме,түсінуден қалдық қой.
Осы жаман заттардан айырылайық.Сауап іс жасап,Аллахтың ризашылығын алайық.Жақсы жолмен келе жатып,теріс жолға түсіп кетпейік.Арманымызды орындау,мақсатымызға жету жолында жаман істер жасамайық,Лондонға,Парижге,Турцияда демалып,Қағбаға баруды ұмытып кетпейік.Сырты бүтін,іші түтін болып жүргеннен пайда жоқ,рухани байлығымыздың неде екенін есімізден шығармайық!)


Артық кеткен кездер болса арасында,
Ащы шындық бетке басып,жараласа,
Кешіргейсің,құрметті қолданушы,
Өтіріктен шындық жақсы,күнә болса…

Мен айтпаймын өзімді идеал деп,
Айтпаймын да сіздерді күнаһар деп,
Бұл блогтың мақсаты үлгі ету,
Сауап жасап,шайтанды күлкі ету.…

Саған айтар ақылым  сол жамағат,
Бәріне де болыңдар,тек аса сақ,
Шайтанның азғырғанын байқай алмай,
Барар жер,болмасын тек сол бір тозақ……
(Өз шығармашылығымнан)
Авторы:өзім,қолданушы:brilliant…
Ақ парақтағы ойлар 30.05.2015 жариялады
116,025 сұрақ
294,324 жауап
152,839 пікір
60,310 қолданушы