Менің арманым анау бір құздың басында!#1Баян Сұлу

Менің арманым анау бір тұрған құздың басында!

Өзім арманшыл қызбын!Не болса соны армандай беремін,адам не ойласа сол күндердің күніңде орындалады дейді ғой,мен де сол армандарымның бір күні боларына сенемін!

Кейде жабырқап қаламын,мен армандаған биік шыңдар басқаларда тезірек орындалып жатқаныңа.Әркімнің өмірі әртүрлі,асықпасам маған алманың ең тәттісі келетін шығар деп өзімді жұбатып қоямын)

Алға мақсаттар жасадым,әбден қандай қадам жасау керектігіне нүкте қойдым!Енді алдағы еш қиындыққа қарамай сол баспалдақтармен арман есіктерінің кезек-кезегімен ашу қана қалды!Небір сын болады,жылайсың,қиналасың тіпті тастап кетесің деп те айтып жатыр жан-жақтан,бір күні қазанда тасып жатқан сүттің кейпіне түспеуіме кім кепіл?

Бірақ барлық сыннан сүрінбей өтіп,арманынның құйрығынан ұстап алсаң болды ғой?Сонда ғана өмірімнің мәні де сәні де келіп қалады емес пе?

Ақ парақтағы ойлар 29.05.2015 жариялады

6 пікір

Өте жақсы жзаба. Мен де өте көп армандайтын жандардың қатарынанмын.

Армандағанның еш айыбы да зияны да жоқ деген пікірдемін. Арман адамды алға жетелейді. Мүмкін армандай алмағанымда психологиялық болсын, физикалық тұрғыда болсын сарқылып бүгін Сұрақ-Жауап сайтын жасай алмас па едім деп қоямын. Армандау арқылы, бүкір арман, күш-жігерімді осы Сұрақ-Жауап сайтына арнадым. Нәтижесі жаман болған жоқ. Мені алға жетелеп келеді.

Барселона командасына 2006 жылдан бастап жанкүйер болып келемін. Осы футбол командасының ойынын көрсем екен деп шын ниеттеніп армандайтынмын. Арманым толықтай орындалмаса да, жарым жартылай орындалды. Былтыр әлемге әйгілі 99 мың адам сиятын Камп Ноу стадионын көру бақыты бұйырды. Барселона футбол командасының негізгі алаңы болып саналатын Камп Ноу стадионын бірақ шықтым. Бірақ бір ойынын көре алмасам да, осы алысқа жетелеген арман мені осы жерден бірақ шығарады деп 10 ұйықтасам да түсіме кірмепті. :) Камп Ноу стадионы жасаған саяхатым туралы мына жазбадан оқуға болады.

Камп Ноу стадионына саяхат

Армандай білейік. Арман бізде ұзаққа алып барады. Орысша айтқанда: Мечтать не вредно, вредно не мечтать

Арманың орындалсын! Сол кезде бізді ұмытып кетпесең болды))
Рахмет!Дұрыс айтасыз админ мырза)
Армандағанның еш айыбы жоқ)
Ако саған да рахмет, хабарласып тұрсаң болды ғой)
иә номеріңді жазып жібер)
Армандаудың зияны жоқ.
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы