Прокрастинация (қазақша еріншектік, кежегесі кері тарту) құбылысы

Прокрастинация

Прокрастинация (қазақша еріншектік, кежегесі кері тарту деп түсінсеңіз болады) деген құбылыс бар. Кейбір ғалымдар оның екі түрі бар деп қарастырады. Бірі - локалды, екіншісі - шынайы. "Соңғысынан айығу үшін психологтың көмегі керек болуы мүмкін" депті төмендегі мақалады. Ресей ғалымдары бұл сөзге орысша атау бере алмай біраз даурыққан. "Бұрыннан бар құбылыс болса, неге ғылыми зерттелмеген?" деп сұраушылар да табылды. Негізі прокрастинацияға жақын құбылысты сипаттайтын ұғымды қазақтың мақал-мәтелдерінен де көре аласыз: "Еріншектің ертеңі бітпес", "Бүгінгіні ертеңге қалдырма" т.с.с. Бірақ технологиялық құралдарға деген тәуелділік еріншектікті жаңа деңгейге шығарып отыр. Төмендегі мақала ұзақтау. Бірақ соңғы жағындағы ойлары қызық. Timur-қажы осы мәселені көтерген екен. Шынайы прокрастинация белгілерін (локалды емес, шынайысы) өздерінде байқап қалса күйзеліске салына бермей, FB-ны ең болмаса, бір аптаға өшіруге кеңес берер едім.

Asqat Yerkimbay

Procrastination...

Прокрастинация деген жаман әдет бар. Қазақшалап айтқанда, "Еріншектің ертеңі таусылмас" деген сөз. Яғни, жасалуы керек істі кейін шегере беру, шегере беру. Оған әдетте сылтаудың түр-түрі табылады.

Жақында Ханафи ғалымдарының бір лекциясын тыңдадым. Ютубтан. Сөйтсем, Шайтан малғұнның адамға Алладан қайтарудың жасайтын алты әрекеті бар екен. Соның бірі, істеуі керек әрекетін кейінге қалдыра беруді уасуаса жасауы дейді. Түптеп келгенде, прокрастинация тек қарапайым жалқаулық қана емес, мұсылман адам жан-тәнімен қашуы керек әдет болып шықты. Өкініштісі, әйтіп-бүйтіп біз... жо, біз емес, мен соған ұрынып қалып жүрмін. Дәл осы кезде Брайн Трейси шығады. Оның айтуынша, адам ешқашан өзінің прокрастинация жасайтынын елдің алдында айтпауы да, мойындамауы да керек екен. Сөйтсе болды, ол прокрастинация жасай береді, жасай береді...

"Какой-то замкнутый круг, получается" деп орыстар осыны айтатын ба еді?..

Тағы бір тайм менеджмент туралы кітаптан оқыдым. Адам прокрастинация жасайтын себебі, ол істің қанша уақытқа созылатынын білмегендіктен және сол уақытты әлгі жасалуы қажет жұмысқа жұмсауға дайын болмағаны себеп дейді. Сөйтсе, ментал яғни адамның миы автоматты түрде әлгі жұмысқа осынша уақыт кететінін есептеп шығарады да адам сонша уақыт оны жасауға құлықсыз болады екен. Оның үстіне әлгі жұмысты жасауға не керек, неден бастау керек, кім араласу керек, қалай жасау керек, соның барлығын ойлауға құлықсыздық та бар екен. Мамандардың айтуынша, бітіру керек істі не мүлдем жасамайтын болып шешу керек не отырып оны ұсақ бөлшек/қадамдарға бөліп, тиянақты түрде ойластыру керек екен. Әйтпесе, кейінге қалдырылған істер мида, компьютердің тілімен айтқанда оператив жадта, психология тілімен айтқанда подсознаниеде жинала береді, жинала береді де ақыры не депрессия, стреске соқтырады екен. Себебі, подсознаниедегі ойлар адамға бітпеген іс қалып қойғандығын миға сигнал беру арқылы тыныштық таптырмайды екен.

Не еді айтпағым. Осымен нешінші жыл екенін білмеймін, онлайн оқыту сайтын ашқым келіп жүрген. Оны кейінге шегеруге, әрине, мен суперский сылтаулар ойлап таптым. Тіпті қазірдің өзінде неше түрлісін айта аламын.

Сөйтсем... Сөйтсем, менің миым ол жұмысты жасауға ондаған айлар, бәлкім бір-екі жыл кететінін ойлап, мен сол ментально түрде сонша уақыт жұмыс жасауға құлықсыз болып, шегере берген екенмін ғой.

Оны қайдан білдім десейші?

Тіпті қызық... Мен бір кісіден жылдан аса уақыт емайл хат алып келеді екем. Әрине, шетелдіктер емайл маркетингтің шебері ғой, апта сайын жасап жатқан жұмыстары туралы хабар береді, сайттарына келіп тұрақты клиенті болуға талмастан шақыра береді, шақыра береді.

Содан не дейсің ғой?

Сөйтсем, ол жігіт осыдан 13 ай, яғни 1 жылдың үстінде оқыту сайтын жасап бастаған кезде, мен оған тіркелген екенмін. Процесті көру үшін, қалай жасалатынын көру үшін. Сөйткем де, благополучно ұмытып кеткем.

Жаңа міне әлгі жігіттен алақайлаған хат келіп тұр. Бақсам бақа екен демекші, бір ғана "The Complete Advanced Developer Course (BWDFS2)" деген курсты жасап шығу үшін ол 13 ай жұмсапты. Ол 150 видебөліктен тұрады. Барлығы 30 сағат уақытты құрайды. 7 бөлімнен тұрады. Linux, Bootstrap3, Angularjs, Apache, API's, SysOps, Test-Driven Dev туралы түсіндіреді, үйретеді. Сондай-ақ курс барысында бірнеше real life жобаларды жасап көрсетеді.

Түсінесің бе? Бір-ақ курсты бақандай бір жыл жасаған!

Ал мен бірнеше бағдарламалау тілін үйрететін курстарды екі-үш айда жасап тастап, оны сайтқа салып, аяқ астынан табыс пен атаққа кенеле қалғым келді. Сөйттім де "Әй, ертең істермін..." деп итере салдым.

Еее, жігіттер, кім бар еді анау онлайн видео-курс жасағысы келіп жүрген. 13 ай! Тұрып бере аламыз ба?

Timur Bektur

Қызықты деректер 28.05.2015 жариялады

1 пікір

(Тұрып бере аламыз ба?) Әжептуір ой қозғап, әжептеуір сөз айтып отырған адамның қарапайым сөйлемді дұрыс құра алмағаны қызық екен...
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы