Елбасымыз жайлы туынды

Назарбаев

Егемен елінің елеулісі - Елбасымыз өз халқының мақтанышына айналды. Оған өлең де, жыр да, кітап та арналды. Ал бірақ Елбасы жайлы киноэпопея қазақ киносы тарихындағы ең бір елеулі оқиғалардың бірі болды.

 «Елбасы жолы» киноэпопеясы 3 бөлімнен тұрады.

«Балалық шағымның аспаны» — 2011 жылғы режиссёр Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркем фильмі. Көпсериялы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының бірінші бөлімі. 2011 жылы 7 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында болып, фильмнің тұсаукесерін тамашалады.

Көрермендер одан соң «От өзен», «Теміртау» аталатын екі бірдей кинотуындыны тамашалады. Бұл - Рүстем Әбдіраш түсірген «Балалық шағымның аспанымен» басталған үш бөлімдік киноэпопеяның жалғасы.

Енді бұдан әрі Елбасының қазіргі  қызметі жайлы, Теміртаудан ары қарай көтерілуі, хатшылық қызметтері жайлы түсіріледі.

Жалпы, «Елбасы жолы» киноэпопеясының тәлім-тәрбиелік жағы өте мықты. Әсіресе жастарға пайдалы кино. Адам өз тағдырын өзі жасайды, ол еңбекпен қайнап жетіледі. Адамда өзіне деген талап, мақсат болуы керек. Соған жету жолында ол табандылық пен қажыр-қайтар танытса жарайды. Дұрыс жолға түсіп, тынымсыз алға жылжыған адам түбінде мақсатына жетеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл өмірі толы үлгі-өнеге, тәрбие. Осы жағы да фильмда жақсы ашылған. 

«Елбасы жолы» киноэпопеясы бір ғана Елбасының өмір жолына құрылғанымен, үлкен кезеңнің, тарихтағы күрделі уақыттың бейнесін суреттейді. Өйткені кеңестік дәуірдің образы бүге-шігесіне дейін дәл жасалған. 

Елбасының өмір жолы - зерттеуге тұрарлық тақырып. Ол жайлы қаншама кино түсірсең де оның ерен еңбегіне татымас еді.

Кино 13.01.2015 жариялады
115,849 сұрақ
293,674 жауап
152,787 пікір
59,778 қолданушы