Кітап оқудың маңыздылығы неде?

Кітап оқу Нұрсұлтан Назарбаев

Сіз «Кітап оқудың маңыздылығы неде?» екенін ойланып көрдіңіз бе? Қандай да бір автор, ұстаз немесе ата-ананың жауабын естіп таң қаларсыз деп ойлаймын. Олардың айтары бар екендігі сөзсіз. Мүмкін көптеген МАҢЫЗДЫ нәрселерді айтар.

Мысалы, автор Томи деПаолды алсақ. Бұл американдық жазушы және иллюстратор, ол балаларға арналған 200-ден астам кітабын шығарған. ДеПаола: «Оқу маңызды, себебі егер сіз оқи алсаңыз, барлығы туралы және өзге туралы бәрін біле аласыз», - деген.

Бұл өте маңызды мәлімдеме.

Оқудың МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ неде? Оқу сізге білім алуға қалай көмектеседі?

1. Оқу – белсенді ақыл-ой үрдісі. Телебағдарламаларды көруге қарағанда кітап миыңызды пайдалануға мәжбүрлейді. Сіз ойланасыз. Біліміңіздің тереңдігі мен кеңдігі артады. Ассоциациялар құра бастайсыз және тақырыптан тақырыпқа түйсінуді арттырасыз. Логикалық тұрғыдан ойлау қабілетіңізді жақсартасыз. Зерттеулер ақыл-ой әрекетін ынталандыратын адамдарда есін жоғалту және Альцгеймер ауруы мен кемақылдықтың даму үрдісі баяулайтынын дәлелдеді. Оқу миыңыздың мықты және салауатты болуына көмектеседі.

2. Оқу дағдылар мен эрудицияны дыматуға көмектеседі. Кітаптар заттар шексіз сану туралы ақпаратты ұсынады. Музыка мен спорттан бастап аспаздыққа дейін – ақпарат, міне сол. Сіз не білгіңіз келеді? Алдынан артқа қарай жүрген кезде 360 градусқа бұрылу үшін скейтбордқа рампаны қалай салу қажет? Шахмат ойнаған кезде қарсыласыңызды қалай сан қақтыруға болады? Өзге тілде сөйлеп, сүйікті қызыңызға қалай әсер қалдыруға болады? Оқудың арқасында осы дағдылардың кез келгенін игеріп, оларды кез келген қажетті немесе қалаулы сұраққа шешім табу үшін әр кезде қолданасыз.

3. Оқу сөздік қорыңызды жақсартады. Кез келген мәтінді оқи отыра, мағынасын іздеген-іздемегеніңізге қарамастан сөздерді танып білесіз. Сіз сөйлемнің құрылымы мен контекске сүйене отыра, сөздің мағынасын болжайсыз. «Контекст» - автор қиын немесе ерекше сөздердің мағынасын түсінуге мүмкіндік беретін түрткі сөздердің қызық атауы. Бұндай түрткі сөздерді сол (мағынасын білмеуіңіз мүмкін) сөз тұрған сөйлемнің алдындағы сөйлемнен немесе сол сөйлемнің өзінен таба аласыз. Білмеуіңіз мүмкін сөзбен көршілес сөйлемді оқи отыра, оның мағынасын болжай аласыз. Уақыт өте келе осындай сөздердің көпшілігі сіздің күнделікті ауызекі сөйлеу қорыңыздың бөлігіне айналады. Қиынырақ сөздерді қолдану сіздің сенімділігіңізді нығайтады және кез келген жағдайда жақсы сөйлеуге мүмкіндік береді. Бұл сіздің өзіңіздің жазуыңызға көмектеседі, екпін, жатықтық және басқа авторлардың стилі туралы түсінік береді.

4. Оқу сізге әлемді көрсетеді. Сіз өз ауданыңыз, қалаңыз, облысыңыз немесе еліңізден алшақ ешқайда шықпасаңыз да, басқа жерлер мен оқиғалар туралы ақпаратпен ой-өрісіңізді кеңейте аласыз. Өзге мәдениет, тіл және жерлер туралы; дүниежүзіндегі адамдар және олардың жетістіктері туралы; өткен күндердегі жағдайлар және бүгінде болып жатқан оқиғалар туралы біле аласыз. Кез келген саладағы өзекті және/немесе қызықты жергілікті, ұлттық немесе халықаралық тақырыптар туралы хабардар боласыз: ауа-райы, бизнес, ойын-сауық, саясат, поп-мәдениет және т.б.

5. Оқу кезбе. Сіз кез келген жерде: қалалық көлікте, күнделікті істер арасында, кезекте тұрғанда, рейс кешіккенде немесе күту залында оқи аласыз – оқуға болатын жерлер өте көп. Оқуға болатын мәтіндер саны да сондай көп: жарнама хабарландыруларынан бастап мақалаға дейін, өлеңнен кітапқа дейін, мақаладан қысқа оқиғаларға дейін, блогтан сайтқа дейін және т.б. Сіз Интернетте, iPhone және көптеген жуырда ойлап табылған басқа құралдардың көмегімен оқи аласыз.

6. Оқу өміріңізді өзгерте алады. Тек ойлап көріңізші, егер сіз барлығы туралы және кез келген туралы бәрін біле алсаңыз, бұл білім сіздің өміріңізді қалай өзгерте алады. Қарапайым жасөспірімді мысалға алып көрейік. Өмірді өзгерту үшін не оқу керек? Жаңа дағдыны игеру немесе дарынын жетілдіру қызмет бабының өсуіне әкелуі мүмкін. Мүмкін оқушы зерттелетін пәндердің бірін көбірек білетін шығар, бұл оны болашақта одан әрі білім алып, жақсы жұмысқа ие болатын қызыға оқитын және білетін оқушы етеді. Мүмкін олар басқа қауымдастықта болып жатқан оқиғалар туралы оқып, сол идеяны пайдаланып, өз қауымдастығына түрткі болатын әлденені құру үшін одан әрі дамытады. Немесе жаңа бірдеңе ойлап табады. Мұндай заттар өмірді өзгертеді.

10 жасар Ричи Стачовскиді алыңыз, ол Гавайя жағалауында аквалангпен сүңгігенде көрген қызықты балықтар мен кораллдар туралы отбасына айтып беру үшін 1996 жылы су астында сөйлесу құрылғысын ойлап тапты. Біраз уақыт су асты акустикасын зерттеді, бұл осы өнертабысты ойлап табуға әкелді. Өзі жинаған 267 долларды алып, оны құймақшаларды жақсы көргендіктен ShortStack LLC деген атаумен патенттеді. Бүгінде Стачовски – тәжірибелі кәсіпкер. Оның өнертабысы сізді қызықтырған мәселе туралы оқу жаңалық ашуға әкелуі мүмкін екенін дәлелдеді.

Немесе малавийлік Уильям КамКуамба, 14 жасар бала оқуына ақы төлей алмаған соң мектептен қуып шығарылғаннан кейін күнін кітапханада өткізетін. 2% малавийлікте электр мен су құбыры жоқ еді, сондықтан ол африкалық ауылда металл қалдықтары, трактордың бөлшектері мен велосипед доңғалақтарынан электр энергиясын беретін жел диірменін салу тәсілін табу үшін ескі ғылыми кітаптарды оқыды. Кезінде ол қуылған болса, енді көршілері оған рэгги тыңдауға келеді. Және де ол ауылына электр және су құбырын тартты. Бұл көрші ауылдарға жел диірмендерін салуға, оның өмірі туралы кітап жазуға және фильм шығаруға және Нью-Гэмпшир штатындағы Дармут колледжінде оқуға негіз болды, колледжді 2014 жылы аяқтады.

Оқу ақыл-парасатыңызды толықтыру үшін жол салады. Бұл МАҢЫЗДЫ. Кітапты алыңыз да, көз жеткізіңіз. ☺)

Ақ парақтағы ойлар 21.05.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы